БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2025
«Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 1343 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 31 желтоқсанда № 26283 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес
1. «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15594 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 117-бабын және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларында:
«38. Баланстан тыс шоттарда мемлекеттік мекемелерге тиесілі емес, бірақ уақытша оның пайдалануындағы немесе билігіндегі құндылықтар, сондай-ақ қатаң есептегі бланктері, жауапты сақтауға қабылданған немесе орталықтандырылған жабдықтау бойынша төленген қорлар, Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмi деректерімен расталған «Мемлекеттік мүлік туралы» (бұдан әрі - Мемлекеттік мүлік туралы заң) Қазақстан Республикасы заңының 21-бабында көзделген жекелеген негіздер бойынша мемлекеттің меншігіне айналдырылған (түскен) мүлік, баланстан тыс шоттарда ескерілген демалыс үйлеріне жолдамалар мен басқа да активтер көрініс табады.
610, 620, 630, 640, 650, 660, 670, 680, 690, 700 - жолдары бойынша жолдардың нөмірлеріне сәйкес материалдық құндылықтар, жалға алынған активтер мен басқа де баланстан тыс активтер есепке алынған баланстан тыс активтер санамаланған.»;
мынадай редакцияда жазылсын:
«79. Қаржылық есептілікке ашылымдарда мынадай ақпарат ұсынылады.
«Ақшалай қаражат және олардың баламалары» деген бап бойынша (ҚЕ-1 «Бухгалтерлік баланс» нысанының 010-жолы):
ҚЕ-5 «Қаржылық есептілікке түсіндірме жазба» нысанының 1-кестесіне сәйкес есепті кезеңнің басындағы және аяғындағы ақша қаражаты қалдығы туралы деректер.
«Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар» деген бап бойынша (ҚЕ-1 «Бухгалтерлік баланс» нысанының 011 және 110-жолдары):
ҚЕ-5 «Қаржылық есептілікке түсіндірме жазба» нысанының 2 және 5-кестелеріне сәйкес есепті кезеңнің басындағы және аяғындағы қаржылық инвестициялар (квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қаржылық инвестициялардан басқа) және өзгерістері бойынша деректер;
квазимемлекеттік сектордың субъектілеріне салынған ұзақ мерзімді инвестициялар (квазимемлекеттік сектор субъектілерінің атаулары мен тұрғылықты жерлері, жарғылық капиталында мемлекеттің қатысу үлесі) бақыланатын және басқа субъектілер бойынша ақпарат;
кейіннен қаржы инвестицияларының жекелеген сыныптары бойынша (әділ, амортизацияланған немесе қандай да бір өзге құны бойынша) бағалау;
берілген қарыздар бойынша ақпарат;
қаржы инвестициялары мен берілген қарыздардың құнсыздануының объективті белгілерінің болуы;
Полная версия

