Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.09.2021
Коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу шаралары туралы
Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 шілдедегі № 25 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 02.09.2021 жылғы № 28 Қаулысына сәйкес 
Осы Қаулы күшін жойды 2021 жылғы 14 қантардан бастап Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 13.01.2022 жылғы № 1 Қаулысына сәйкес
Алматы қаласының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның дельта (Үнді штаммы) нұсқасының таралуының өсуіне байланысты, оның көлемдерін шектеу мақсатында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 104-бабының 2, 3, 5, 7-тармақтарына (31.03.2021 ж. жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен), Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 шілдедегі № 33-ші қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Аудан әкімдері, мемлекеттік органдар, Алматы қаласы бойынша «Атамекен» ӨКП (келісім бойынша), құқық қорғау және арнайы органдар, мекеме, ұйым және кәсіпорын басшылары қамтамасыз етсін:
1) «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 шілдедегі № 33-ші қаулысын жүзеге асыруды;
2) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 шілдедегі № 33 қаулысының 4-қосымшасында көрсетілген (осы қаулыға қоса беріледі) эпидемиологиялық жағдайдың қоңыр-қызыл аймағына сәйкес келетін «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемдеріне сәйкес объектілердің жұмысын;
3) төменгі тізілгендерді қоспағанда, меншік нысанына қарамастан, «Ashyq» жобасына қатыспайтын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тоқтата тұруды:
- орталық мемлекеттік органдар, әкімшіліктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, БАҚ, азық-түлік дүкендері (супер гипермаркеттер, азық-түлік дүкендері, минимаркеттер, зоодүкендер), дәріханалар және өмір сүруді қамтамасыз ететін ұйымдар, және сонымен қатар:
- құрылыс жұмыстары, өндірістік ұйымдар,
- байланыссыз қызметтер (автожуу, автомобиль, тұрмыстық техника, сағат, телефон, компьютер, аяқ-киім жөндеу, тігін ательесі, кір жуу, киім тазалау, кілт дайындау, тұрмыстық қызмет көрсету түрі және басқа.),
- туристік компаниялар, бизнес орталықтар,
- бөлек қызмет түрлері (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, ақша айырбастау орындары, ломбардтар, банктер, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері т.с.с.),
- қоғамдық тамақтану объектілері тек алып шығуға және жеткізуге;
4) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген ұйымдар мен объектілерді қоспағанда, 2021 жылғы 02 тамыз бен 16 тамыз аралығында меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс істеуі, «Ashyq» қатысушыларының қызметі сенбі және жексенбі күндері тоқтатыла тұрсын;
5) ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салу;
6) мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), офистердің, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерінің 80%-ы үшін қашықтықтан жұмыс істеу режимін сақтау (вакцинацияланғандарды және соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылғандарды қоспағанда);
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы қаулы 2021 жылғы 2 тамыздан бастап күшіне енеді.
Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ж. Бекшин
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 29 шілдедегі
№ 33 қаулысына 4-қосымша
«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін
 шектеу өлшем шарттары

п/п

Объектілер/салалар ********

Жасыл аймақ

Сары аймақ

Қызыл аймақ

қоңыр-қызыл

аймақ***

1

2

3

4

5

6

1.

Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)*

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 60 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

Алкогольдік ішімдіктерді сатпайтын асханалар типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)

+

(тәулік бойы)

+

(тәулік бойы)

+

(тәулік бойы)

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

Жазғы алаңдар

+

7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

Фуд-корттар

толтырылуы 30%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 10.00-нан 00.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

толтырылуы 20%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай сағат 10.00-нан 00.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

толтырылуы 20%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай сағат 10.00-нан 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

Банкет залдары**

(ас беруді өткізу үшін)

бір адамға кемінде 4 ш.м., 50%-дан асырмай толтырылған кезде сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 50 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз ету, 30%-дан асырмай толтырылған кезде сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 30 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз ету, 30%-дан асырмай толтырылған кезде сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

тыйым салынады

Банкет залдары** (мейрамханалар және дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету)

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 60 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

тыйым салынады

2.

Сауналар, моншалар

+

+

+

7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

3.

СПА-орталықтар

+

+

+

7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

4.

Бассейндер

+

+

+

7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

5.

Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар, йога-орталықтарды қоса алғанда

+

+

+

7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

6.

Мәдениет объектілері (дайындық)

100 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдар

50 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдар

30 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдар

7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

7.

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар*

50%-дан асырмай толтыру

40%-дан асырмай толтыру

30%-дан асырмай толтыру

7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

8.

Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

+

75%-дан асырмай, бірақ 25 адамнан артық емес толтырылған кезде

75%-дан асырмай, бірақ 15 адамнан артық емес толтырылған кезде

тыйым салынады

9.

Облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар

+

+

+

+

10.

Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

+

75%-дан асырмай, бірақ 25 адамнан артық емес толтырылған кезде

75%-дан асырмай, бірақ 15 адамнан артық емес толтырылған кезде

тыйым салынады

11.

Бильярд

50%-дан асырмай толтыру

сағат 12.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс режимімен 50%-дан артық емес толтырылған кезде

сағат 12.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс режимімен 30%-дан артық емес толтырылған кезде

07.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

12.

Компьютерлік клубтар, PlayStation клубтарын қоса алғанда

60%-дан асырмай толтыру

сағат 12.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс режимімен 50%-дан артық емес толтырылған кезде.

Тек 12 жасқа толған және одан асқан адамдарға рұқсат етіледі

сағат 12.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс режимімен 30%-дан артық емес толтырылған кезде.

Тек 12 жасқа толған және одан асқан адамдарға рұқсат етіледі

12.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

13.

Боулинг

50%-дан асырмай толтыру

сағат 12.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс режимімен 50%-дан артық емес толтырылған кезде

сағат 12.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс режимімен 30%-дан артық емес толтырылған кезде

12.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

14.

Караоке

50%-дан асырмай, бірақ 60 адамнан асырмай толтырған кезде сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

50%-дан асырмай, бірақ 50 адамнан асырмай толтырған кезде сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

50%-дан асырмай, бірақ 30 адамнан асырмай толтырған кезде сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

12.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

15.

Океанариум

Топтық экскурсияларға рұқсат беру (15 адамнан артық емес)

Топтық экскурсияларға рұқсат беру (15 адамнан артық емес)

Топтық экскурсияларға рұқсат беру (15 адамнан артық емес)

07.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

16.

Көрмелер

бір адамға 6 ш.м. кем емес, бірақ бір уақытта 250 келушіден аспайтын алаңмен қамтамасыз етілген, 70%-дан асырмай толтырылған кезде

бір адамға 6 ш.м. кем емес, бірақ бір уақытта 200 келушіден аспайтын алаңмен қамтамасыз етілген, 70%-дан асырмай толтырылған кезде

бір адамға 6 ш.м. кем емес, бірақ бір уақытта 150 келушіден аспайтын алаңмен қамтамасыз етілген, 70%-дан асырмай толтырылған кезде

бір адамға 6 ш.м. кем емес, бірақ бір уақытта 150 келушіден аспайтын алаңмен қамтамасыз етілген, 70%-дан асырмай толтырылған кезде

17.

Марафондар (ашық ауада)

100 адамнан артық емес

50 адамнан артық емес

30 адамнан артық емес

тыйым салынады

18.

Көрермендермен спорттық іс-шаралар

50%-дан артық емес толтырылған кезде

30%-дан артық емес толтырылған кезде

20%-дан артық емес толтырылған кезде

тыйым салынады

19.

Ерікті қатысушылар (киноиндустрия, ұйымдар, кеңселер және басқалар)

жеңілдіксіз

жеңілдіксіз

жеңілдіксіз

жеңілдіксіз

20.

Лотерея клубтар және лотерея сататын өзге де орындары

бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 60 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 50 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 30 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 30 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

21.

Алаңы 500 ш.м-ден 1000 ш.м-ге дейін болатын балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары

бір адамға кемінде 10 ш.м., бірақ 70 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

бір адамға кемінде 10 ш.м., бірақ 50 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

бір адамға кемінде 10 ш.м., бірақ 30 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

бір адамға кемінде 10 ш.м., бірақ 30 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

Алаңы 1000 ш.м-ден 3000 ш.м-ге дейін болатын балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары

бір адамға кемінде 10 ш.м., бірақ 120 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

бір адамға кемінде 10 ш.м., бірақ 100 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

бір адамға кемінде 10 ш.м., бірақ 60 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

бір адамға кемінде 10 ш.м., бірақ 50 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

22.

Цирктер

50%-дан артық емес толтырылған кезде

40%-дан артық емес толтырылған кезде

30%-дан артық емес толтырылған кезде

30%-дан артық емес толтырылған кезде 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

23.

Отельдер, қонақ үйлер

+

+

+

+

24.

Әуежайлар

+

+

+

+

25.

Теміржол вокзалдары

+

+

+

+

26.

ХҚО

+

+

+

10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

27.

Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері

+

+

сенбі және жексенбі күндері 10.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

07.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

28.

Базарлар

+

+

сенбі және жексенбі күндері 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

07.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

29.

(12 жасқа дейінгі балаларды ерікті түрде тіркей отырып) балалар сауықтыру ұйымдары

+

+

50%-дан артық емес толтырылған кезде

50%-дан артық емес толтырылған кезде

30.

Букмекерлік конторалар

бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 60 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 50 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 30 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

тыйым салынады

31.

Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялык қызметтер көрсету салондары (жазылу бойынша)

+

+

алдын ала жазылу бойынша

50%-дан артық емес толтырылған кезде 07.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

32.

Жоғары оқу орындарын, колледждерді және білім беру орталықтарын қоса алғанда, білім беру объектілері (қызметкерлер (персонал), 18 жастан асқан адамдар үшін)

+

+

+

+

33.

Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары (жаттығулар)

70 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған

50 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған

30 адамға дейін, сондай-ақ екі компоненттен вакцинацияланған

30 адамға дейін, сондай-ақ екі компоненттен вакцинацияланған

«✓» - қызметіне ішінара рұқсат етілген (шектеулермен);
* - толтыруға қойылатын талаптар ҚР БМСД-ның 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысымен бекітілген объектілерге қойылатын талаптарда айқындалған;
** - банкет залдары ас беруді өткізу үшін және мейрамханалар, дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету үшін жұмыс істейді;
*** - «қоңыр-қызыл» аймақ - тәуекел деңгейі өте жоғары аймақ (инфекциялық төсек-орындармен толтырылу көрсеткіші 70%-дан жоғары және 100 мың тұрғынға шаққанда 200-ден астам төсек-орынмен толтырылу көрсеткіші кезінде);
**** - тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде - жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес).
Полная версия
ИС BestProfi