Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.09.2021
Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы
 Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 16 тамыздағы № 26 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 02.09.2021 жылғы № 28 Қаулысына сәйкес  
Осы Қаулы күшін жойды 2021 жылғы 14 қантардан бастап Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 13.01.2022 жылғы № 1 Қаулысына сәйкес 
Редакция 26.08.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың қауырттығына, халық арасында дельта (үнді штаммы) нұсқасының қарқынды таралуына және емдеуге жатқызу үшін қосымша инфекциялық төсектерді талап ететін клиникалық симптомдары бар науқастардың 94%-ға дейін ұлғаюына байланысты, сондай-ақ эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және білім беру мекемелерінде жаңа оқу жылын штаттық режимде қамтамасыз ету мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 104-бабының 2, 3, 5, 7-тармақтарына және Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 шілдедегі № 33 қаулысының 9-тармағының, 5) тармақшасына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Аудан әкімдері, мемлекеттік органдар, Алматы қаласы бойынша «Атамекен» ӨКП (келісім бойынша), құқық қорғау және арнайы органдар, мекеме басшылары:
1) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 шілдедегі № 33 қаулысының 4-қосымшасындағы қоңыр-қызыл аймағына сәйкес келетін «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарына сәйкес объектілердің жұмысын жалғастыру;
2) «Ashyq «көшбасшылары» мәртебесі бар объектілерге Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 шілдедегі № 33 қаулысының 8-тармағының 3-тармақшасына және 5-қосымшасына сәйкес объектілерінің толтырылуы 10% дейін, сағат 00.00-ге дейінгі жұмыс режиміне рұқсат берілсін, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдарды қоспағанда, қызметкерлердің (персоналдың) кемінде 90% бірінші компонентпен вакцинацияланған жағдайда - 20%, «Ashyq» жобасы бойынша жұмыс істейтін өзге де объектілерге сағат 22.00-ге дейін жұмыс режиміне рұқсат берілсін;
3) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 шілдедегі № 33 қаулысының 9-тармағының 4) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, меншік нысанына қарамастан, «Ashyq» жобасына қатыспайтын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тоқтата тұруды жалғастыру;
4) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 шілдедегі № 33 қаулысының 9-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген ұйымдар мен объектілерден басқа, меншік нысанына қарамастан, «Ashyq» жобасына қатысушыларға қарамастан, сенбі, жексенбі және мереке күндері жұмыс істеу кезеңінде 2021 жылғы 17-31 тамыз аралығында барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тоқтата тұру;
5) демалыс және мереке күндері ойын-сауық парктерінің, аттракциондардың, бөлшек сауда және қалалық саябақтардың аумағындағы қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне тыйым салу.
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ алынып тасталды Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 26.08.2021 жылғы № 27 Қаулысымен (16.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)
3. Алматы қаласы Білім басқармасы ата-аналар комитеттерімен талқылап, «Пандемия кезеңінде салауатты мектептер» бағдарламасын іске асыруға қабылдау жөнінде ұсыныстар енгізсін.
4. Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 23.07.2021 ж. № 23 қаулысының 2-тармағы 1) тармақшасының қолданысы уақытша тоқтатылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы қаулы 2021 жылғы 17 тамыздан бастап күшіне енеді.
Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ж. Бекшин
Полная версия
ИС BestProfi