Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 14.01.2022
Карантиндік шектеулер туралы
 Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 29 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2021 жылғы 14 қантардан бастап Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 13.01.2022 жылғы № 1 Қаулысына сәйкес 
Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыруды қамтамасыз ету мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 38 және 104-баптарына, «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № 37 және «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42 қаулысына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Аудан әкімдері, мемлекеттік органдар, Алматы қаласы бойынша «Атамекен» ӨКП (келісім бойынша), құқық қорғау және арнайы органдар, ұйымдар басшылары құзыретіне сәйкес шаралар қабылдасын және қамтамасыз етсін:
1) «Ashyq» жобасын енгізу туралы Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № 37 қаулысының (бұдан әрі - № 37 Қаулы) 4-тармағының 1) - 11), 15) және 18) тармақшаларын және «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42 қаулысының 2 және 3-тармақтарын орындалуын;
2) қызыл аймақ режиміндегі объектілер жұмысы бойынша:
Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін жұмыс режимімен (уақытымен) шектеу критерийлерін бекіту туралы:
демалыс күндері барлық «Ashyq» объектілері үшін - сағат 00.00 дейін, «Ashyq» көшбасшылары үшін - сағат 02.00 дейін, қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе»1  - болған жағдайда (вакцинациялау, теріс нәтижесі бар тест ПТР сынамаларды іріктеу сәтінен бастап 7 тәуліктен аспайды, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар);
1  «Жасыл мәртебенің» болуына қойылатын талаптар облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдарға, қонақ үйлерге, әуежайларға, Теміржол вокзалдарына, білім беру объектілеріне, ЖОО-ларға, колледждерге, интернаттарға және білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды.
жұмыс күндері «Ashyq» барлық объектілері үшін - 00.00 сағатқа дейін, «Ashyq» көшбасшылары үшін - 02.00 сағатқа дейін;
Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Ashyq» жобасының қатысушылары болып табылмайтын әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу өлшемшарттарының негізінде айқындалады;
3) Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың 2020 жылғы 7 желтоқсандағы хаттамасымен (2021 жылғы 7 қыркүйектегі өзгерістермен) бекітілген тәртіпке сәйкес вакцинациялауды тексеру бойынша рейдтер жүргізу.
2. «Атамекен» ӨКП (келісім бойынша) «Ashyq» жобасына қатысушылар арасында бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етсін.
3. «Ashyq» жобасының қатысушылары № 37 Қаулының 7-тармағының сақталуын қамтамасыз етсін.
4. № 37 Қаулыдағы «Ashyq көшбасшылары» мәртебесін беру алгоритмінің 1) және 4) тармақтарына сәйкес «Ashyq» көшбасшыларына мынадай жеңілдіктер беріледі:
1) «қызыл» аймақта «сары» аймақтың шарттары бойынша жұмыс істейді;
2) соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, ауырып жазылған адамдарды қоспағанда, қызметкерлердің (персоналдың) кемінде 90%-ын бірінші компонентпен вакцинациялау кезінде объектінің толтырылуы 20%-ға артады.
5. Алматы қаласы автопарктерінің басшылары мына шараларды қабылдасын және қамтамасыз етсін:
1) қоғамдық көлікте карантиндік шектеу талаптарын сақтауды ұйымдастыру, үйлестіру және ішкі бақылау үшін автопарктің жауапты тұлғасын бұйрықтармен бекіту;
2) автопаркінің әрбір жүргізушісіне қоғамдық көлік салонында маска режимін сақтау бойынша ішкі бақылауды бұйрықтармен бекіту;
3) маска режимін сақтау туралы белгілеулерді тұрақты негізде жаңарту және қоғамдық көлікте санитайзерлерді жеткілікті мөлшерде орналастыру;
4) қоғамдық көлік салонын (есік тұтқалары, креслолар, тұтқалар және т.б.) тұрақ орындарында тазалауды және дезинфекциялауды жүргізу;
5) қоғамдық көлік салонында тұрақты дыбыстық құлақтандыруды, оның ішінде жүргізушінің келесілерді ескертуге және ұйымдастыруды қамтамасыз етуге міндетті:
- маскасыз жолаушыларға қоғамдық көлікке кіруге тыйым салу туралы; маскаларды міндетті және дұрыс кию туралы;
- маска режимін сақтамағаны үшін 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салу туралы;
- жолаушылардың бетперде режимін сақтауы және әкімшілік жауапкершілігі бойынша мониторингтік топтардың тұрақты жүргізетін рейдтері туралы.
6. Конференциялар, форумдар, ойын-сауық, салтанатты, еске алу, отбасылық, оның ішінде үйдегі іс-шаралар (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.
7. «Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі одан әрі шаралар туралы» Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 28 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
8. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Алматы қаласы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ж. Бекшин
Алматы қаласының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 29 қаулысына
1 қосымша
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің
2021 жылғы 26 тамыздағы
№ 37 қаулысының
4-қосымшасынан үзінді
«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары

Объектілер/салалар****

Жасыл аймақ

1

2

3

1.

Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)*

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай

Алкогольдік ішімдіктерді сатпайтын асханалар типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)

+

тәулік бойы

Жазғы алаңдар

+

Фуд-корттар

толтырылуы 30%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай

Банкет залдары**

(ас беруді өткізу үшін)

бір адамға кемінде 4 ш.м., 50%-дан асырмай толтырылған кезде

Банкет залдары**

(мейрамханалар және дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету)

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат

2.

Сауналар, моншалар

+

3.

СПА-орталықтар

+

4.

Бассейндер

+

5.

Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар, йога-орталықтарды қоса алғанда

+

6.

Мәдениет объектілері (дайындық)

100 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдар

7.

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар *

50%-дан асырмай толтыру

8.

Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

+

9.

Облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар

+

10.

Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

+

11.

Бильярд

50%-дан асырмай толтыру

12.

Компьютерлік клубтар, PlayStation клубтарын қоса алғанда

60%-дан асырмай толтыру

13.

Боулинг

50%-дан асырмай толтыру

14.

Караоке

50%-дан асырмай, бірақ 60 адамнан асырмай толтырған кезде

15.

Океанариум

Топтық экскурсияларға рұқсат беру (15 адамнан артық емес)

16.

Көрмелер

бір адамға 6 ш.м. кем емес, бірақ бір уақытта 250 келушіден аспайтын алаңмен қамтамасыз етілген, 70%-дан асырмай толтырылған кезде

17.

Марафондар (ашық ауада)

100 адамнан артық емес

18.

Көрермендермен спорттық іс-шаралар

50%-дан артық емес толтырылған кезде

19.

Ерікті қатысушылар (киноиндустрия, ұйымдар, кеңселер және басқалар)

жеңілдіксіз

20.

Лотерея клубтар және лотерея сататын өзге де орындары

бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 60 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

21.

Алаңы 500 ш.м-ден 1000 ш.м-ге дейін болатын балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары

бір адамға кемінде 10 ш.м., бірақ 70 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

Алаңы 1000 ш.м-ден 3000 ш.м-ге дейін болатын балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары

бір адамға кемінде 10 ш.м., бірақ 120 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

22.

Цирктер

50%-дан артық емес толтырылған кезде

23.

Отельдер, қонақ үйлер

+

24.

Әуежайлар

+

25.

Теміржол вокзалдары

+

26.

ХҚО

+

27.

Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері

+

28.

Базарлар

+

29.

(12 жасқа дейінгі балаларды ерікті түрде тіркей отырып) балалар сауықтыру ұйымдары

+

30.

Букмекерлік конторалар

бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 60 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде

31.

Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары (жазылу бойынша)

+

32.

Жоғары оқу орындарын, колледждерді және білім беру орталықтарын қоса алғанда, білім беру объектілері (қызметкерлер (персонал), 18 жастан асқан адамдар үшін)

+

33.

Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары

70 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған

«✔» - қызметіне ішінара рұқсат етілген (шектеулермен);
* - толтыруға қойылатын талаптар ҚР БМСД-ның 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысымен бекітілген объектілерге қойылатын талаптарда айқындалған.
** - банкет залдары ас беруді өткізу үшін және мейрамханалар, дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету үшін жұмыс істейді.
*** - «қоңыр-қызыл» аймақ - тәуекел деңгейі өте жоғары аймақ (инфекциялық төсек-орындармен толтырылу көрсеткіші 70%-дан жоғары және 100 мың тұрғынға шаққанда 200-ден астам төсек-орынмен толтырылу көрсеткіші кезінде);
**** - тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде - жұмыс күндері сағат 22- ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес);
***** - облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда сағат 9-00-ден 20.00-ге дейін жұмыс режимімен ХҚКО-ның кезекші бөлімшелерін ұйымдастыруға жол беріледі.
Алматы қаласының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 29 қаулысына
2 қосымша
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің
2021 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 42 қаулысының
4-қосымшасынан үзінді
Әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу өлшемшарттары

Объектілер/салалар

Қызыл аймақ

1

2

3

1.

Өнеркәсіп

+

2.

Құрылыс (тұрмыстық үй-жайларда байланыс болмаған жағдайда)

+

3.

Ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы

+

4.

Байланыссыз қызметтер (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу, химиялық тазалау, кілттерді жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша көрсетілетін қызметтер және т.б.).

+

5.

Туристік компаниялар, бизнес орталықтары (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар және т.б.)

+

6.

Гүл дүкендері, фотосалондар

+

7.

Медициналық ұйымдар, дәріханалар

+

8.

Музейлер, кітапханалар

+

9.

Балалардың түзету кабинеттері, балалар мен ересектердің білім беру орталықтары

топты 15 адамнан артық толтырмаған кезде, алдын ала жазылу бойынша

10.

Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтері, косметологиялық қызмет көрсететін орындар (жазылу бойынша)

алдын ала жазылу бойынша

11.

Азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер

+

12.

Супермаркеттер, гипермаркеттер

+

13.

Азық-түлік емес дүкендер (жеке тұрған)

Алаңы 2000 ш.м дейін

14.

Ашық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес)

+

15.

Жабық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес)

(сенбі, жексенбіден басқа)

16.

Халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдар (қонақ үйлер, отельдер, санаторий-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері/базалары, туристік базалар және т.б.).

80%-дан асырмай толтырғанда

17.

Медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматология

алдын ала жазылу бойынша

18.

Қоғамдық көлік

(қарбалас уақытта автобустар санын көбейту, барлық есіктерді ашу, отыратын орындар саны бойынша толтыру)

19.

Банктер, ХҚКО, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері

+

20.

Мектепке дейінгі мекемелер

+

21.

Ұйымдар, кеңселер * (ескертуді қараңыз)

80% - қашықтықтан,

20% - күндізгі режим

22.

Діни объектілер

Жабық үй-жайларда ұжымдық іс-шараларды өткізбей

23.

Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)***

толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай сағат 9-дан 20-ға дейін жұмыс істеуге рұқсат

24.

Жазғы алаңдар***

9-дан 20-ға дейін жұмыс істеуге рұқсат

25.

Асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері***

24.00-ге дейін

26.

Стрит-фуд (жеке тұрған шатыр/ларек/отыратын орны жоқ дүңгіршек)

+

27.

Моншалар

+

28.

Сауналар

(сенбі, жексенбіден басқа)

29.

СПА-орталықтар, бассейндер

(сенбі, жексенбіден басқа)

30.

Қала маңындағы жолаушылар поездарының (электричкалар) қозғалысы

ортақ вагондарсыз

31.

Жолаушылар поездарының қозғалысы

ортақ вагондарсыз

32.

Қалааралық/облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) қозғалысы

-

33.

Спорт кешендері, йога-орталықтарды қоса алғанда спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар,

(сенбі, жексенбіден басқа)

34.

СОО, сауда үйлері

(сенбі, жексенбіден басқа)

35.

Мәдениет объектілері (дайындық)

-

36.

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар

-

37.

Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

-

38.

Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар

-

39.

Бильярд

-

40.

Компьютер клубтары

-

41.

Боулинг

-

42.

Цирктер

-

43.

Балалардың ойын-сауық орталықтары (ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы аттракциондар)

-

44.

Ашық ауадағы аттракциондар

+

45.

Балаларды сауықтыру ұйымдары

толтырылуы 30%-дан артық емес

46.

Көрермендермен спорттық іс-шараларды өткізу

-

47.

Ас беру

-

48.

Банкет залдары** (ескертуді қараңыз),***

-

49.

Түнгі және ойын клубтары

-

50.

Караоке

-

51.

Океанариум

-

52.

Конференциялар, форумдар, ойын-сауық, салтанатты, еске алу, отбасылық, оның ішінде үйдегі іс-шаралар (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шаралар

-

53.

Көрмелер

-

54.

Лотерея клубтары, букмекерлік конторалар

-

55.

Мерекелік корпоративтер

-

«✔» - қызметке ішінара (шектеулермен) рұқсат етілген;
* - Ұйымдар, кеңселер қызметкерлерге COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қызметін қашықтықтан және күндізгі жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы жөніндегі талаптарды ескермей жүзеге асырады. Бұл ретте COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі.
** - банкет залдары мейрамханалар, дәмханалар типі бойынша ас беру және келушілерге қызмет көрсету үшін жұмыс істейді.
*** - тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде - жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес);
Полная версия
ИС BestProfi