Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 14.01.2022
Білім беру мекемелеріндегі коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы
Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № 27 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2021 жылғы 14 қантардан бастап Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 13.01.2022 жылғы № 1 Қаулысына сәйкес 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 1 - тармағының 4) тармақшасына, 104-бабының 2, 3, 5, 7-тармақтарына және Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 тамыздағы №36 қаулысына сәйкес барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында білім алушылар арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі - COVID- 19) таралуының алдын алу максатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1.Алматы каласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер енгізу:
1)Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 тамыздағы № 26 қаулысының 2-тармағы алынып тасталсын;
2)Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 23 шілдедегі № 23 қаулысының 2-тармағының 2-тармақшасындағы «Ashyq» жобасына дәріханаларды қосуды алып тастау.
2.2021-2022 оқу жылында барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында штаттык форматта оқуға рұқсат етілсін.
3.Аудан әкімдері, Алматы қаласы білім басқармасы, ЖОО, ЖББ, жекеменшік мектептер мен балабақшалар басшылары, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 тамыздағы №36 қаулысына сәйкес:
1) 2021-2022 оқу жылында штаттық форматта барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында мынадай:
-Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 тамыздағы №36 қаулысының 1, 2 және 3-косымшаларындағы талаптарында көзделген санитариялық-эпидемияға карсы іс-шараларды сақтауды;
-педагогтар мен персоналдың 100% вакцинациялануды (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, COVID-19 ауырып сауыққан адамдарды сауыққаннан кейін 3 ай ішінде қоспағанда);
-ұйымға кіру кезінде «Ashyq» қосымшасын енгізуді (педагогтарды, персоналды, ата-аналарды (заңды өкілдерді), 18 және одан жоғары жастағы білім алатын келушілерді QR-код (сһеск-іп) бойынша тіркеу);
-рециркуляторлардың, санитайзерлердің, тері антисептиктерінің, дезинфекциялау және жуу құралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз етуді;
-үй-жайларды жинау және дезинфекциялау жиілігін арттыруды;
-үй-жайларды ылғалды жинау және дезинфекциялау, үй-жайлардың ауасын желдету және зарарсыздандыру режиміне қойылатын талаптарды сақтауды;
-педагогтардың, персоналдың және білім алушылардың күнделікті «кіру» сүзгісі (байланыссыз термометрмен термометрия);
-бүқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу (мәдени, тәрбие, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстары және т. б.);
-мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіре отырып іс-шаралар өткізуге тыйым салу;
-зертханалық, практикалық сабақтарды қоспағанда, кабинеттік оқыту жүйесін болдырмау;
-бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларын бөлек үстау (сабақтың басталу уақыты бойынша ең жоғары мүмкіндікті ескере отырып) жағдайларында оқытуды;
2)асханадағы ауа рециркуляторларының қондырғыларын қамтамасыз ете отырып, тамақтануды ұйымдастыруды бақылауды күшейтуді;
3)бөгде адамдардың кіруіне тыйым сала отырып, COVID-19-ға қарсы вакцинация алған (18 жасқа толмаған, сондай-ақ тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19 ауырып сауыққан студенттерді жатақханаға орналастыруға жол беріледі) студенттерді жатақханаға орналастыруды;
4)оқу орны бойынша аумақтық медициналық ұйымдардың егу пункттерінде (жылжымалы егу пункттерін немесе көшпелі егу бригадаларын қоса алғанда) COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын (екінші компонентпен) аяқтамаған студенттерге вакцинация жүргізуді ұйымдастыруды;
-түрғылыкты елдің уәкілетті органымен расталған COVID-19-ға карсы вакцинациялаудың толық курсы;
-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткеннен кейін 3 тәуліктен кешіктірмей ПТР әдісімен алынған COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтиже бар болған жағдайда күндізгі оку форматына жіберуді;
6)(қол қойылған хабардар етілген келісімі болған кезде рүқсат етілетін, түрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, COVID-19-мен ауырып сауыққанадамдарды сауыққаннан кейін 3 ай ішінде коспағанда) медициналық колледждер мен жоғары оку орындарының білім алушыларына клиникалық базаларға, резидентура базаларына, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникаларына, университет ауруханасына, интеграцияланған академиялық медициналық орталыкқа вакцинациялау паспортымен расталған СОУГО-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсы бар болған кезде кіруіне рүқсат етуді;
7)педагогтарға, персоналға, ата-аналарға (заңды өкілдерге), келушілерге, студенттерге мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, колледждерге, интернаттар мен жатақханаларды, асханалар мен буфеттерді қоса алғанда жоғары оқу орындарына QR-код (сһеск-іn) бойынша «Ashyq» қосымшасы аркылы, оның ішінде баска платформалар (мысалы, EGOV mobile, Аіtu, Каsрі.кz, Наlук Ваnк, Sberbank.кz, сайт www.ashyq.kz  платформасындағы аналог) арқылы тіркелу кезінде кіруге рүқсат етуді қамтамасыз етсін;
8)мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, колледждерге, асханалар мен буфеттерді қоса алғанда, жоғары оқу орындарына: 
-респираторлық инфекция белгілері бар адамдарға (жөтел, мұрынның бітелуі, дене температурасы 37 градустан жоғары);
-(QR-код бойынша тіркеу кезінде «сары» және «қызыл» мәртебесі бар адамдарға («ПТР-зерттеулердің бірыңғай интеграциялық порталы» және «СОУЮ-19 бақылау орталығы» ақпараттық жүйелерінде тіркелген, COVID- 19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесі бар, «инфекция жұқтырған» мәртебесі бар пациент ретінде немесе COVID-19-бен ауыратын пациентпен байланыс ретінде;
-COVID-19-ға карсы вакцинациясы жоқ педагогтар мен персоналға (түрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, ауырып жазылған адамдарды сауыққаннан кейін 3 ай ішінде қоспағанда)кіруге рүқсат етілмейді.
4.Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5.Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Алматы қаласының Бас мемлекеттік  санитариялық дәрігері Ж.Бекшин 
Полная версия
ИС BestProfi