Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2022
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 1 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 қаңтарда № 26481 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ішкі істер министрінің 07.07.2022 жылғы № 562 Бұйрығына сәйкес (өзгерту қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты – 2022 жылғы 1 шілдеден бастап, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) 
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидаларын, жазасын өтеуден босатуға негіз болып табылатын аурулар тізбесін, ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 530 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9762 болып тіркелген,);
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 16, 117, 161, 162, 170, 173-баптарына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 75-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН»:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидаларында:
«10) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамалық нысандарын бекіту бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) стандартты медициналық құжаттамалар (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы);»;
«14) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-214/2020 бұйрығымен бекітілген Туберкулез профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы нұсқаулыққа (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21695 болып тіркелген) (бұдан әрі – №ҚР ДСМ-214/2020 бұйрығы) сәйкес туберкулез бойынша санитариялық ағартуды;»;
«8) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № ТБ-016/е және № ТБ-017/е нысанды журналдарда науқасты тіркеуді;»;
«15) ҚАЖ мекемелерінің туберкулезге қарсы ауруханаларынан емдеу нәтижесі туралы ақпаратты алу және № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № ТБ-016/е, № ТБ-017/е нысандар бойынша журналдарына енгізуді;»;
«10) № ҚР ДСМ-214/2020 бұйрығынасәйкес туберкулез бойынша санитариялықағартуды;»;
«18. Егер жөтел адамда екі аптадан ұзақ болса ҚАЖ мекемесінің медицина қызметкері (терапевт, фельдшер) №ҚР ДСМ-214/2020 бұйрыққа сәйкес зерттеудің жеделдетілген әдістерін қолдана отырып, науқастың туберкулезге диагностикалық алгоритмін жүргізеді.»;
Полная версия
ИС BestProfi