«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Стационарлық бақылау жасау пункттері туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 455 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 21 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 24 қаңтарда № 26622 болып тіркелді
1. «Стационарлық бақылау жасау пункттері туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 455 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11859 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат және тұрақты даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. А. Примкулов
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
Полная версия