Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығы
Редакция 30.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 659 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 88-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама);
2) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар (келісім бойынша):
1) Тұжырымдаманы іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Тұжырымдаманың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2022 жылғы 2 ақпандағы № 802
Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы
 МАЗМҰНЫ

1-бөлім.

Тұжырымдаманың паспорты

3

2-бөлім.

Ағымдағы ахуалды талдау

4

3-бөлім.

Халықаралық тәжірибені шолу

14

4-бөлім.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту пайымы

17

5-бөлім.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері

18

6-бөлім.

Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер

30

7-бөлім.

Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары (қосымша)


 

Полная версия
ИС BestProfi