1. «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Внимание! Документ утратил силу с 19.05.2023
«Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 11 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 19.05.2023 жылғы № 5 Қаулысына сәйкес
Редакция 05.05.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
«1) Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына 35-қосымшаның талапатарына сәйкес орта білім беру ұйымдарында, колледждерде және жоғары оқу орындарында карантинді енгізудің сараланған тәсілін;»;
4-тармақ алынып тасталсын;
4-тармақ алынып тасталсын.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 25.03.2022 жылғы № 16 Қаулысымен (14.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 14.03.2022 жылғы № 14 Қаулысымен (18.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)
4. «Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясы жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Комирнати» (Пфайзер) вакцинасын қолдана отырып КВИ-ге қарсы вакцинация жүргізу» деген 7-бөлімнің 104-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
1) 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер;
2) жүкті әйелдер – жүктіліктің 16 аптасынан бастап 37 аптасына дейін;
3) лактация кезеңіндегі әйелдер – босанғаннан кейінгі кезең аяқталғаннан кейін (42 күннен кейін) бала 2 жасқа толғанға дейін;
4) бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
5) Қазақстанда «Комирнати» (Пфайзер) вакцинасымен вакцинациялаудың алғашқы курсын аяқтау үшін шетелде «Комирнати» вакцинасының (Пфайзер) бірінші дозасын алған адамдар.
Бұл ретте, 12 жастан 18 жасқа дейінгі шетелдік жасөспірімдер, оның ішінде ҚР аумағында үздіксіз 3 және одан да көп ай оқитын және тұратын студенттер КВИ-ге қарсы вакцинациялауға жатады.»;
«133. «Комирнати» (Пфайзер) вакцинасын қолдана отырып, медицина қызметкерлеріне, 50 және одан жоғары жастағы адамдарға, сондай-ақ бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға КВИ-ге қарсы ревакцинациялау жүргізуге жол беріледі.».
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойд ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 29.04.2022 жылғы № 21 Қаулысына сәйкес (25.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.05.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
7. Осы қаулы 2022 жылғы 19 ақпаннан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері А. Есмағамбетова
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы «18» ақпандағы № 11 қаулысына 1-қосымша
1-қосымша күшін жойды ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 14.03.2022 жылғы № 14 Қаулысымен (18.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Полная версия