Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.06.2025
«Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 14 ақпандағы № 164 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 ақпанда № 26862 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылдың 27 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 17.06.2025 жылғы № 290 Бұйрығына сәйкес 
1. «Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14623 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 112-бабына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 39-3-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Бюджеттiк мониторинг жүргізу нұсқаулығында:
«Есепті кезеңнің соңындағы бюджет қаражатының игерілмеуі төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының және төленген міндеттемелердің, бюджет қаражатының үнемделуінің, Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервтің, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган резервтерінің бөлінбеген қалдықтары арасындағы айырма ретінде айқындалады.»;
«30. 1-МББӘ нысаны бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есеп АЖ-ды қолдана отырып жасалады.
1-МББӘ және 1-МУО нысандары мынадай түрде толтырылады:
1) 1-11, 13, 14-бағандарды толтырылмайды (осы бағандардың мазмұны АЖ-дан автоматты түрде алынады) және түзету құқығынсыз оқу режимінде пайдаланылады;
2) 12-бағанда бюджет шығыстары жөніндегі бір жылдағы күтілетін атқарылуды әрбір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша 1 тамыздағы жағдай бойынша және ағымдағы жылдың соңына дейін бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептен бастап көрсетіледі;
3) 15-бағанда төлемдер бойынша жоспардың орындалмауы көрсетіледі;
4) 17-19-бағандарда қалыптасқан бюджет қаражатын жалпы үнемдеу сомасы 16-бағанда көрсетіледі;
5) 17-бағанда мемлекеттік сатып алу нәтижесі бойынша бюджет қаражатын үнемдеу көрсетіледі;
6) 18-бағанда ЕТҚ бойынша үнемдеу көрсетіледі;
7) 19-бағанда өзге де бюджет қаражатын үнемдеу көрсетіледі;
8) 20-бағанда Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган резервінің бөлінбеген қалдығы көрсетіледі;
Полная версия
ИС BestProfi