Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 16.05.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 249 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 10 наурызда № 27069 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 16 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 29.04.2025 жылғы № 208 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 06.06.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі  Е. Жамаубаев
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2022 жылғы 5 наурыздағы № 249
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 18.04.2025 жылғы № 179 Бұйрығымен (05.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 29.04.2025 жылғы № 209 Бұйрығымен (29.04.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 21.05.2025 жылғы № 244 Бұйрығымен (29.04.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.06.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 140 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16409 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 65-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау қағидаларында:
«1. Осы Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 65-1 бабына сәйкес әзірленді.»;
«6. Мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері мемлекеттік жоспарлау, ұлттық жобалардың, мемлекеттік органдардың даму жоспарлары жобаларының немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар жобалары мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау, өткен жылғы бюджет шығыстарының әлеуметтік-экономикалық әсерін бағалау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындыларына Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, мемлекеттік органдардың даму жоспарларының негізінде айқындалады.
Мемлекеттік органдардың даму жоспарлары әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктер, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау, өткен кезеңдегі бюджет шығыстарының әлеуметтік-экономикалық әсерін бағалау негізінде айқындалады.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарлары мен мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған өкілеттіктер негізінде айқындалады.»;
«8. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау кезінде:
1) тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың мақұлданған болжамы;
2) ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының бекітілген (нақтыланған) көлемі;
3) тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының бекітілген көлемі;
4) алдыңғы және ағымдағы қаржы жылдарында бюджеттік бағдарламалардың орындалу қорытындысы;
5) бюджеттік инвестицияларды іске асыруды бағалау қорытындысы;
6) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепке Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің (жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепке облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының) қорытындылары мен ұсынымдары;
7) мемлекеттік бағдарламалардың іс-шаралары;
8) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнің республикалық бюджет жобасы шығыстарының негізгі бағыттары бойынша оны алдын ала бағалауы;
9) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелер есепке алынады.
Мемлекеттік бағдарламаларды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша мемлекеттік органдардың даму жоспарлары, өзге де Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары есепке алынады.».
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне қосымша
Осы Қосымша күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 29.04.2025 жылғы № 209 Бұйрығымен (29.04.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi