Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 25.03.2022
Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы
 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 12 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 25.03.2022 жылғы № 16 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына, 104-бабының 1-тармағына және 7-тармағының 8) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:  
1. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша), ұлттық компаниялар, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар:  
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдарға (ұйымдарға), ұлттық компанияларға, бизнес-орталықтарына және басқа да кеңселерге қойылатын талаптарды сақтауды;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарын аймаққа бөлуді және жұмыс режимін сақтауды;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес COVID-19 кезінде жеке қорғаныш құралдарын пайдалану алгоритмін сақтауды;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жеке қорғаныш құралдарын пайдалану және кәдеге жарату алгоритмін сақтауды;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес өнімді көтерме және бөлшектеп сату (сақтау) объектілеріне қойылатын талаптарды сақтауды;  
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес шектеу іс-шараларын енгізу кезеңінде компьютерлік клубтарға, бильярд залдарына және боулингтерге қойылатын талаптарды сақтауды;
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес қызмет көрсету саласы объектілерінің (сұлулық салондары, шаштараздар) қызметіне қойылатын талаптарды сақтауды;
8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес халық үшін фитнес қызметін көрсету бойынша объектілердің, спорт кешендерінің қызметіне қойылатын талаптарды сақтауды;   
9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес мәдениет объектілеріне қойылатын талаптарды сақтауды;
10) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы объектілерге (қонақүйлер, отельдер) қойылатын талаптарды сақтауды;
11) осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес әуежайлардың, теміржол, автомобиль және су вокзалдарының, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің жұмыс алгоритмін сақтауды;  
12) осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес тұрақты жолаушылар тасымалын (жолаушылар мен багаж тасымалының автомобиль, теміржол электр жылжымалы құрамдары (метрополитен)) жүзеге асыратын ұйымдардың жұмысына қойылатын талаптарды сақтауды;
13) осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес шектеу іс-шараларын енгізу кезеңінде банкет залдарының, түнгі клубтардың, караокенің жұмысына қойылатын талаптарды сақтауды;
14) осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес СПА және массаж салондарының,  моншалардың, сауналардың, бассейндердің, жағажайлардың қызметіне қойылатын талаптарды сақтауды;
15) осы қаулыға 15-қосымшаға сәйкес санаториялық-курорттық мақсаттағы объектілерге, демалыс үйлеріне қойылатын талаптарды сақтауды;
16) осы қаулыға 16-қосымшаға сәйкес балаларды сауықтыру лагерьлерінің (мектеп жанындағы, қала сыртындағы) қызмет алгоритмін сақтауды;
17) осы қаулыға 17-қосымшаға сәйкес діни объектілерде санитариялық-дезинфекциялық режим алгоритмін сақтауды;
Полная версия
ИС BestProfi