Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 148 бұйрығы
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 26.09.2023 жылғы № 258 Бұйрығына сәйкес (05.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.11.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
 Редакция 04.11.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы № 2688 Конституциялық заңының 22-бабы 2-2 тармағы үшінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 26.09.2023 жылғы № 258 Бұйрығына сәйкес (05.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.11.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 26.09.2023 жылғы № 258 Бұйрығына сәйкес (05.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.11.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б.Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіппен: 
1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап бір апталық мерзімде оның көшірмелерін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды; 
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілген күнінен бастап он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін. 
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін. 
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2016 жылғы 30 мамырдағы
№ 148 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі
Осы Ереже өзгертілді ҚР Мәдениет және спорт министрінің 12.04.2017 жылғы № 99 Бұйрығымен (30.05.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Мәдениет және спорт министрінің 10.12.2018 жылғы № 353 Бұйрығымен (12.04.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Мәдениет және спорт министрінің 19.01.2019 жылғы № 42 Бұйрығымен (10.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР  Мәдениет және спорт министрінің 22.04.2019 жылғы № 112 Бұйрығымен (19.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже өзгертілді ҚР Мәдениет және спорт министрінің 18.10.2019 жылғы № 276 Бұйрығымен (22.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 11.03.2022 жылғы № 73 Бұйрығына сәйкес (18.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 26.09.2023 жылғы № 258 Бұйрығына сәйкес (05.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.11.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асырады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 26.09.2023 жылғы № 258 Бұйрығына сәйкес (05.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.11.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Комитетке заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Полная версия
ИС BestProfi