Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.05.2023
Қазақстан Республикасындағы коронавирус инфекциясының профилактика шаралары туралы
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 16 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 19.05.2023 жылғы № 5 Қаулысына сәйкес 
Редакция 16.08.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына, 104-бабының 1-тармағына және 7-тармағының 8) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша), ұлттық компаниялар, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарын аймаққа бөлуді және жұмыс режимін сақтауды;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес COVID-19 кезінде жеке қорғаныш құралдарын пайдалану алгоритмін сақтауды;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жеке қорғаныш құралдарын пайдалану және кәдеге жарату алгоритмін сақтауды;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес профилактикалық дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу алгоритмін сақтауды;
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес пенитенциарлық (қылмыстық-атқарушы) жүйе мекемелерінде CОVID-19-дың таралу тәуекелін азайтуды сақтау алгоритмі;
6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес медициналық-әлеуметтік объектілерде санитариялық-дезинфекциялық режим алгоритмін сақтауды;
7) осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес COVID-19-ды қадағалау шеңберінде ПТР әдісімен тестілеуді ұйымдастыру және ПТР зертханалық тексерудің оң нәтижесі бар жағдайлар туралы хабарлау алгоритмін сақтауды;
8) осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес тексеруге жататын контингентті COVID-19-ға зертханалық тексеруді;
9) осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес COVID-19-ды жұқтыру тәуекелі жоғары адамдар үшін оқшаулау тәртібін сақтауды;
10) халық арасында COVID-19 профилактикасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді;
11) осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес үйде оқшаулау (үй карантині) жағдайларын сақтауды.
2. Облыстар, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, Орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша), ұлттық компаниялар, меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғалар:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 12.08.2022 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес (25.03.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.08.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2.1. Өңір эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес тәуекелі төмен аймақта («жасыл аймақ») болған кезде, репродукция коэффициенті R (бұдан әрі – R) 1-ден артық болған кезде халық көп жиналатын орындарда (әуежайлар, теміржол вокзалдары, автовокзалдар, базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, театрлар, кинотеатрлар, ХҚКО-ы, банктер, көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар), ұйымдасқан ұжымдарда, көліктің барлық түрлерінде, көліктің барлық түрлерінде (қоғамдық көлік, әуе, теміржол, халықаралық автобус тасымалдары) медициналық немесе матадан тігілген маскаларды киюді ұсынсын;
2.2. Өңір тәуекелі орташа аймаққа («сары аймақ») ауысқан кезде төсек-орынмен қамту көрсеткіші 100 000 тұрғынға шаққанда 12,5-тен 25-ке дейін жеткен кезде R 1-ден артық болған кезде немесе төсек-орынмен қамту көрсеткіші 100 000 тұрғынға шаққанда 25-тен 50-ге дейін жеткен кезде R 1-ден кем болғанда:
- міндеттерін қашықтықтан орындау мүмкін болмайтын жұмыскерлерді қоспағанда, жақын байланыста болған адамдарды қашықтықтан жұмыс істеу нысанына ауыстыруды;  
Полная версия
ИС BestProfi