Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 Қаулысы
Осы Қаулы өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР Үкіметінің 27.09.2024 жылғы № 792 Қаулысына сәйкес (өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 12.10.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған:
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 13.03.2013 жылғы № 230 Қаулысымен (26.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті құрылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің аумақтық органы - Алматы қаласы бойынша Қаржы мониторингі департаменті - мемлекеттік мекемесі құрылсын.
4. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің өңіраралық департаменттері - мемлекеттік мекемелері;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің өңіраралық департаменттері - мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылсын;
5. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті болып;
2) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері;
3) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің аумақтық басқармалары - мемлекеттік мекемелері;
4) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері болып қайта аталсын.
5-1. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Қаулы 5-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 20.03.2009 жылғы № 374 Қаулысына сәйкес 5-1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.04.2011 жылғы № 461 Қаулысымен (28.04.2011 ж. редакцияны қараңыз) 5-1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.08.2011 жылғы № 965 Қаулысымен (29.04.2011 ж. редакцияны қараңыз) (қол қойылған күннен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 5-1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.12.2011 жылғы № 1487 Қаулысымен (02.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) 5-1-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 13.03.2013 жылғы № 230 Қаулысымен (26.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің N 1 аймақаралық салық комитеті" аумақтық органы - мемлекеттік мекемесі таратылсын.
Полная версия