«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 9) және 12) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туралы ереженің 16-тармағы екінші бөлігінің 11) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 56 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6923 болып тіркелген) бекітілген Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидаларының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Нұрғиса Тілендиев атындағы Республикалық дирижерлер конкурсын өткізу туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің 09 қыркүйегіндегі 2021 жылғы №2 бұйрығы
1.Нұрғиса Тілендиев атындағы Республикалық дирижерлер конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) өткізілсін.
3.Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті Конкурсты жоғары және ұйымдастырушылық деңгейде өткізуді қамтамасыз етсін.
4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5.Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға А. Абдуалиев
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің Мәдениет комитеті төрағасының 09 қыркүйегіндегі 2021 жылғы №2 бұйрығымен бекітілген
Нұрғиса Тілендиев атындағы Республикалық дирижерлер конкурсын өткізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1.Осы Нұрғиса Тілендиев атындағы Республикалық дирижерлер конкурсын өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 9) және 12) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 56 бұйрығымен бекітілген Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидаларының 6-тармағына сәйкес әзірленді және Нұрғиса Тілендиев атындағы республикалық дирижерлер конкурсын (бұдан әрі –Конкурс) өткізу тәртібін айқындайды.
2.Конкурсты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті (бұдан әрі – Комитет) өткізеді.
2-тарау. Конкуртың мақсаты мен міндеттері
1.Конкурстың мақсаты мен міндеттері:
1)қазақстандық дирижер мектебінің дәстүрлерін сақтау және одан әрі дамыту;
2)жаңа есімдердің ашылуы, дирижерлік өнер саласындағы талантты жастардың кәсіби өсуіне жағдай жасау;
3)дарынды және талантты музыканттарды анықтау және ынталандыру, Қазақстанның мәдени имиджін арттыру.
3-тарау. Конкурсты өткізу тәртібі
1.Конкурс 2021 жылғы 1-15 желтоқсан аралығында Алматы қаласында өткізіледі.
Полная версия