1.Халықаралық балалар телевизиялық музыкалық аспаптарда орындаушы конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) өткізілсін.
Халықаралық балалар телевизиялық музыкалық аспаптарда орындаушы конкурсын өткізу туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің 16 қаңтарындағы 2021 жылғы №23 бұйрығы
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 9) және 12) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туралы ереженің 16-тармағы екінші бөлігінің 13) және 14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 56 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6923 болып тіркелген) бекітілген Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидаларының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
3.Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті Конкурсты жоғары және ұйымдастырушылық деңгейде өткізуді қамтамасыз етсін.
4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5.Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға А. Абдуалиев
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті төрағасының 16 қаңтарындағы 2021 жылғы №23 бұйрығымен бекітілген
Халықаралық балалар телевизиялық музыкалық аспаптарда орындаушы конкурсын өткізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Халықаралық балалар телевизиялық музыкалық аспаптарда орындаушы конкурсын өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 9) және 12) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туралы ереженің 16-тармағы екінші бөлігінің 13) және 14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 56 бұйрығымен бекітілген Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидаларының 6-тармағына сәйкес әзірленді және Халықаралық балалар телевизиялық музыкалық аспаптарда орындаушы конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізу тәртібін айқындайды.
2. Конкурсты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті (бұдан әрі – Комитет) өткізеді.
2-тарау. Конкурстың мақсаты мен міндеттері
3. Конкурстың мақсаты мен міндеттері:
1) балалар шығармашылығын дамыту үшін жағдай жасау, оның өскелең ұрпақты эстетикалық тәрбиелеудегі рөлін күшейту;
2) балалардың, балалар музыка және мамандандырылған мектептерінің, өнер мектептерінің оқушыларының, сондай-ақ басқа да қосымша білім беру ұйымдарының оқушыларының кәсіби шеберлігін арттыру;
3) жаңа есімдерді ашу, аспаптық өнер саласында дарынды және талантты балалардың кәсіби өсуі үшін жағдай жасау.
3-тарау. Конкурсты өткізу тәртібі
4. Конкурс 2021 жылғы 25 қараша мен 9 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында түрлі кезеңдер үшін онлайн және офлайн форматтарда өткізіледі.
5. Конкурсқа балалардың музыкалық және мамандандырылған мектептерінің, өнер мектептерінің оқушылары, сондай-ақ 10 жастан 15 жасқа дейінгі басқа да қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары келесі жас санаттарында қатыса алады:
1) қатысушылар арасындағы кіші санат 10 жастан 11 жасқа дейін;
2) қатысушылар арасындағы орташа санат 12 жастан 13 жасқа дейін;
3) қатысушылар арасындағы жоғары санат 14 жастан 15 жасқа дейін.
6. Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
1) «Скрипка»;
2) «Фортепиано»;
3) «Виолончель».
7. Конкурс 5 кезеңнен тұрады:
1) 1-кезең – 2021 жылғы 25 қарашадан 30 қарашаға дейін – электрондық түрде мынадай құжаттар мен материалдарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдерді (бұдан әрі-өтінім) қабылдау:
Конкурсқа қатысушының туу туралы куәлігінің көшірмесі (PDF форматында);
Конкурсқа қатысушының ілесіп жүретін тұлғаның (заңды өкіл және/немесе сенімхат бойынша өкіл) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (PDF форматында);
Конкурсқа қатысушыны сүйемелдеуге нотариалды куәландырылған сенімхаттың көшірмесі (Конкурсқа қатысушыны оның заңды өкілі болып табылмайтын тұлға сүйемелдеген кезде) (PDF форматында);
концертмейстердің (болған жағдайда) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (PDF форматында);
Конкурсқа қатысушының шығармашылық өмірбаяны (PDF немесе docx форматында);
Конкурсқа қатысушының көлемі 13х18 сантиметр бір түсті фотосуреті (JPEG форматында);
Конкурсқа қатысушының оқу орнынан және/немесе қосымша білім алу орнынан (музыкалық немесе мамандандырылған мектептерден, өнер мектептерінен, басқа да қосымша білім беру ұйымдарынан) анықтамалар;
бірінші және екінші турларға Конкурсқа қатысушы өнер көрсетуінің екі бөлек үздіксіз бейнежазбалары, кіші және/немесе ірі нысандағы екі түрлі сипаттағы туындылар (Конкурсқа қатысушының қалауы бойынша), кез келген монтаждау бағдарламаларының көмегімен өзгерістерге ұшырамаған. Бейнежазба жылжымайтын камерадан кемінде 720х275 мегапиксель рұқсатымен жүргізіледі.
Өтінім және өнер көрсету бағдарламалары zayavka_deti@mail.ru электрондық поштаға жіберіледі. Анықтама телефоны: +77015019975;
2) 2 кезең – 2021 жылғы 1 желтоқсан – ұсынылған өтінімдердің осы Қағидалардың 5-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларына, 7-тармағының 1) тармақшасына сәйкестігіне қарау. Осы Қағидалардың 5-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларына, 7-тармағының 1) тармақшасына сәйкес келмеген жағдайда, ұсынылған өтінімдер одан әрі қарауға жатпайды;
3) 3 кезең – 2021 жылғы 3 желтоқсан – бірінші турды өткізу. Конкурсқа қатысушылардың бейнежазбаларын тыңдау.
Конкурстың бірінші турынан өткен қатысушылар Нұр-Сұлтан қаласына Конкурстың екінші тур-финалына 2021 жылғы 7 желтоқсанда келеді;
4) 4 кезең – 2021 жылғы 7 желтоқсан – екінші тур-финалды өткізу. Нұр-Cұлтан қаласында Конкурстың қазылар алқасының қатысуымен Конкурсқа қатысушыларды тыңдау, Конкурстың қорытындыларын шығару және Конкурс лауреаттарын марапаттау;
5) 5 кезең – 2021 жылғы 9 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында Конкурс бағдарламасына сәйкес әр номинация және әрбір жас тобы бойынша Гран-при иегерлерінің қатысуымен Гала-концерт өткізу.
8. Конкурсқа қатысудан бас тартылған жағдайда, осы Қағидалардың 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттар мен материалдар қатысушыларға қайтарылмайды.
9. Конкурсқа қатысушыларға, сондай-ақ концертмейстерге (болған жағдайда) немесе ілесіп жүретін тұлғаларға (1 адамнан аспайтын) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларының 3-тармағына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласында айлық есептік көрсеткіштің жеті еселенген мөлшерінен аспауға тиіс тұру бойынша шығыстар, сондай-ақ іссапарда болған әрбір күні үшін тәуліктік шығыстар өтеледі.
Конкурсқа қатысушылардың, концертмейстердің (болған жағдайда) немесе ілесіп жүретін тұлғалардың Нұр-Сұлтан қаласына дейінгі және кері қарай көлік шығыстары өз есебінен төленеді.
10. Екінші тур-финалда өнер көрсету тәртібі жеребе тастау арқылы белгіленеді.
11. Конкурсқа қатысушылар екінші турда Конкурсқа қатысушымен бірге келген немесе Конкурсты өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) ұсынған концертмейстердің сүйемелдеуімен музыкалық туындыларды дайындайды және орындайды.
12. Комитет Конкурсқа қатысушылардың өнер көрсетулерін жарнамалық мақсаттарда фото және бейнематериалдарды пайдалану құқығын өзіне қалдырады.
13. Екінші тур-финал және Гран-при иегерлері мен әр жас тобы және Конкурстың әр номинациясы бойынша I, II, III орын лауреаттарын марапаттау рәсімі Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Іс-шара республикалық телеарнада, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) «QR Mádenıet, sportmınıstrligi» YouTube арнасында көрсетіледі.
4-тарау. Ұйымдастыру комитеті
14. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес құрамда Ұйымдастыру комитеті құрылады.
15. Ұйымдастыру комитеті Конкурсты дайындау мен өткізуге басшылықты жүзеге асырады.
16. Конкурсты жарнамалау мақсатында Ұйымдастыру комитеті бұқаралық ақпарат құралдарына баспасөз релиздерін ұсынады және осы Қағидаларды Министрліктің интернет-ресурсында орналастырады www.msm.gov.kz.
17. Ұйымдастыру комитеті іс-шараны ақпараттық-жарнамалық қолдау түрлерін айқындайды.
18. Ұйымдастыру комитетінің байланыс деректері: zayavka_deti@mail.ru, телефон: +77015001560.
5-тарау. Конкурстың қазылар алқасы
19. Конкурсқа қатысушылардың өнер көрсетуін бағалау, сондай-ақ қорытындылар шығару және жеңімпаздарды айқындау туралы шешімдер қабылдау үшін осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес Конкурстың қазылар алқасы (бұдан әрі – Қазылар алқасы) құрылады.
Қазылар алқасының құрамына Қазақстанның, таяу шетелдің жетекші мәдениет және өнер қайраткерлері және аспаптық өнер саласындағы халықаралық конкурстардың лауреаттары кіреді.
20. Төрағаны қоса алғанда, Қазылар алқасы мүшелерінің саны әрбір номинация бойынша тақ болуға тиіс.
21. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды, хаттамамен ресімделеді және оған Қазылар алқасының барлық мүшелері қол қояды.
22. Дауыстар тең болған жағдайда қазылар алқасы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
23. Конкурстың қазылар алқасы құқылы:
1) қатысушының өнер көрсетуін үзу;
2) бір номинация бойынша бірнеше жеңімпаз болған жағдайда ақшалай жүлделерді бөлуге құқылы.
24. Қазылар алқасының мүшелеріне гонорар, сондай-ақ Конкурс өткізу шеңберінде көзделген қаражат шегінде Нұр-Сұлтан қаласына және кері бағытта жол жүру, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тамақтану, тұру және көлікте жол жүру шығыстары төленеді.
25. Мемлекеттік қызметшілер және мемлекеттік ұйымдарда немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басқарушылық функцияларды орындайтын тұлғалар болып табылатын Қазылар алқасының мүшелеріне қаламақы төлеу «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жүргізілмейді.
6-тарау. Конкурсты қаржыландыру
26. Конкурсты өткізуді қаржыландыру «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген 033 «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және архив ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» республикалық бюджеттік бағдарламасының 105 «Әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралар өткізу» кіші бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.
Конкурстың әрбір жас тобының номинациялары бойынша мынадай ақшалай сыйлықтар белгіленеді:
1) Гран-при – 500 000 теңге (жеке табыс салығын есепке алмағанда);
2) І орын – 400 000 теңге (жеке табыс салығын есепке алмағанда);
3) ІІ орын – 300 000 теңге (жеке табыс салығын есепке алмағанда);
4) ІІІ орын – 200 000 теңге (жеке табыс салығын есепке алмағанда).
7-тарау. Қорытынды ереже
27. Осы Қағидаларда көзделмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.
Халықаралық балалар телевизиялық музыкалық аспаптарда орындаушы конкурсын өткізу Қағидаларына 1 қосымша
Нысан
Халықаралық балалар телевизиялық музыкалық аспаптарда орындаушы конкурсына қатысуға өтінім
Қатысушының ТАЖ (болған жағдайда ) |
|
Номинация |
|
Туылған күні |
|
Тұрғылықты мекенжайы |
|
Оқу орны (білім беру ұйымдарының ұйымдық-құқықтық нысанын көрсете отырып) |
|
Музыка мектебінің, өнер мектебінің немесе балаларға қосымша білім беретін басқа да ұйымдардың атауы (ұйымдық-құқықтық нысанын көрсете отырып) |
|
Заңды өкілдің ТАЖ (болған жағдайда ) |
|
Концертмейстердің немесе ілесіп жүретін тұлғаның ТАЖ (болған жағдайда) |
|
Бірінші тур |
|
Таңдау бойынша әр түрлі сипаттағы 2 туындының (шағын немесе ірі нысанды) атауы әр туынды үшін 5 минуттан аспайды өнер көрсету бағдарламасының |
|
Екінші тур |
|
Таңдау бойынша (ірі және шағын нысандағы) 2 туындының өнер көрсету әр туынды үшін 7 минуттан аспайтын бағдарламасының атауы |
|
Байланыс деректері: тұрғылықты мекенжайы, телефоны, электрондық мекенжайы |
|
Қатысушы өнер көрсетуінің фото және бейнематериалдарын жарнамалық мақсаттарда пайдалануға келісім беремін.
|
|
___ __________ 2021 жыл (күні ) |
_________________________________ заңды өкілдің ТАЖ (болған жағдайда )
____________ (заңды өкілдің қолы) |
Халықаралық балалар телевизиялық музыкалық аспаптарда орындаушы конкурсын өткізу Қағидаларына 2 қосымша
Халықаралық балалар телевизиялық музыкалық аспаптарда орындаушы конкурсын өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің Төрағасы, төраға;
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті Төрағасының орынбасары;
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті Музыка өнері басқармасының бас сарапшысы;
«Қазақ әуендері» акционерлік қоғамының президенті.
Халықаралық балалар телевизиялық музыкалық аспаптарда орындаушы конкурсын өткізу Қағидаларына 3 қосымша
Халықаралық балалар телевизиялық музыкалық аспаптарда орындаушы конкурсы Қазылар алқасының құрамы «Cкрипка» номинациясы бойынша
|
Мусахаджаева Айман Қ ожабек қызы
|
|
«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры, Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, төраға;
|
|
Асаналиев Эрнис Умбарович |
|
«Калый Молдобасанов атындағы Қырғыз ұлттық консерватория» Ұйымының доценті, Қырғыз Республикасының Халық әртісі (келісім бойынша);
|
|
Федотов Максим Викторович
|
|
«П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы» Федералдық мемлекеттік бюджеттік жоғары білім беру мекемесінің профессоры, Ресей Федерациясының Халық әртісі (келісім бойынша).
|
|
« Фортепиано» номинациясы бойынша |
||
|
Қ адырбекова Гүлжәмиля Ихсанқызы |
|
Қазақстан Республикасының Халық әртісі, төраға (келісім бойынша);
|
|
Нарынбаева Зайтуна
|
|
Қырғыз Республикасының Халық әртісі, (келісім бойынша); |
|
Овчинников Владимир Павлович
|
|
Ресей Федерациясының Халық әртісі (келісім бойынша). |
|
« Виолончель» номинациясы бойынша |
||
|
Родин Кирилл Владимирович |
|
«П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы» Федералдық мемлекеттік бюджеттік жоғары білім беру мекемесінің профессоры, Ресей Федерациясының Халық әртісі (келісім бойынша);
|
|
Құрманаев Ермек Мә лі кұлы
|
|
«Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының солисі, «Дарын» ұлттық жастар сыйлығының лауреаты;
|
|
Слензак-Бегалиева Зенона |
|
Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген әртісі (келісім бойынша).
|