«Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Босқын мәртебесiн беру туралы өтiнiшхатты тiркеу мен қарау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 118 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 8 сәуірде № 27506 болып тіркелді
Редакция 15.11.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу мен қарау қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С. Шапкенов
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 118 бұйрығына 1-қосымша
Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу мен қарау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Босқын мәртебесін алу туралы өтінішхатты тіркеу және қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу мен қарау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) босқын – нәсілдік, ұлттық, діни сенімі, азаматтық белгісі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы немесе саяси нанымы бойынша қудалаудың құрбаны болу қаупінің негізділігіне қарай өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде жүрген және өз елінің қорғауын пайдалана алмайтын немесе осындай қауіп салдарынан мұндай қорғауды пайдаланғысы келмейтін шетелдік немесе осындай қауіп салдарынан еліне қайтып орала алмайтын немесе қайтып оралғысы келмейтін, өзі тұрақты тұратын немесе өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде жүрген азаматтығы жоқ адам;
Полная версия