Близость слов: Окончание:





«Рухани қазына - 2022» мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің республикалық фестивалін өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет Комитетінің 31 наурызындағы 2022 жылғы №17 бұйрығы
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабындағы 9) және 12) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 56 бұйрығымен бекітілген Республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік қағидасының 6-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1.Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Рухани қазына - 2022» мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің республикалық фестивалі (бұдан әрі - Фестиваль) өткізілсін.
2.Қоса беріліп отырған Фестивальді өткізу қағидалары бекітілсін.
3.Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің Репертуарлық саясат және өңірлік қызметті үйлестіру басқармасы Фестивальді жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізуді қамтамасыз етсін.
4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті төрағасының жетекшілік етуші орынбасарына жүктелсін.
5.Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
 Мәдениет және спорт министрлігі
 Комитет Төрағасының
 31 наурызындағы 2022 жылғы №17
бұйрығымен бекітілген
Мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына - 2022» республикалық фестивалін ұйымдастыру және өткізу қағидалары
1.Осы Мәдениет және өнер ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына - 2022» республикалық фестивалін ұйымдастыру және өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында әзірленді және Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына - 2022» республикалық фестивалінің (бұдан әрі - Фестиваль) мақсаты мен міндетін, өткізу тэртібін айқындайды.
2.Фестивалдің ұйымдастырушысы - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті болып табылады.
3.Фестивальдің қатысушылары - музейлер (облыстық, аудандық (қалалық), ауылдық), кітапханалар (облыстық, аудандық (қалалық), ауылдық), мәдени-демалыс ұйымдары (облыстық, аудандық (қалалық), ауылдық) (бұдан әрі - мәдениет ұйымдары) және мәдениет ұйымдарының қызметкерлері.
4.Фестивальді қаржыландыру «Мәдениет және өнер саласында бәсекелестікті арттыру, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу және насихаттау және архив ісін іске асырудың тиімділігін арттыру» 033 республикалық бюджеттік бағдарламаның «Әлеуметтік-маңызды және мәдени іс-шараларды өткізу» 105 кіші бағдарламасы аясында көзделген қаржы есебінен жүзеге асырылады.
2-тарау. Фестивальдің мақсаты мен міндеттері
5.Фестивальдің мақсаты - мәдени-демалыс ұйымдарының тәжірибемен алмасуы, қазақстандық патриотизм мен ұлттық-мәдени бірлігін дамыту аясында халықтық мәдениетті насихаттау мен өңірлік мәдениет ұйымдары имиджін нығайтуға бағытталған үздік әлеуметтік-мәдени және білім беру тәжірибелерін көрсету болып табылады.
2)өңірлердің мәдени мұрасымен танысу, қызмет тәжірибесімен алмасу;
Полная версия
ИС BestProfi