Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 4-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Шаруашылықішілік және шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 119 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 сәуірде № 27790 болып тіркелді
Редакция 22.11.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Шаруашылықішілік және шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Е. Карашукеев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 119 бұйрығымен бекітілген
Шаруашылықішілік және шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Шаруашылықішілік және шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 14-бабы 1-тармағының 4-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және шаруашылықішілік және шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) әзiрлеушi – жобалау және iздестiру жұмыстарымен айналысатын, сондай-ақ жерге орналастыру жобаларын орындауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
2) егiстiк – жүйелi түрде өңделетiн және көп жылдық шөптердiң егiстiгiн қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарының егiстiгiне пайдаланылатын жер учаскесі, сондай-ақ таза сүрi жерлер. Алдын ала дақылдар өсірілетін (үш жылдан аспайтын уақыт аралығында), тамырын жақсарту мақсатында жыртылған шабындықтар мен жайылымдардың жер учаскелерi, сондай-ақ егiске пайдаланылатын бақтардың қатар аралығы егiстiкке жатпайды;
3) жайылым – ауыл шаруашылығы жануарларын жыл бойы немесе маусымдық жаю үшін берілетін және пайдаланылатын жер учаскелері. Ауыл шаруашылығы жануарларын жайылымдарда жаю кезінде жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормалары сақталса, жайылымдардың өнімділігі жайылатын ауыл шаруашылығы жануарларына азық қажеттілігінен асатын жағдайларда, азық дайындау мақсатында шөп шабуға рұқсат етіледі;
Полная версия

