Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылға арналған стипендиясын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 183 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 мамырда № 27899 болып тіркелді
«Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылға арналған стипендиясын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі - ЖЖОКБҰ) арасында бөлу бекітілсін.
2. ЖЖОКБҰ-ның ректорлары Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын студенттер мен магистранттарға ЖЖОКБҰ-ның ғылыми қеңестері шешімдерінің негізінде тағайындасын.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қаржы және бюджеттік жоспарлау департаменті көрсетілген стипендияны 1 қаңтардан бастап тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттар шегінде төлеуді жүзеге асырсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік етуші Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А. Аймагамбетов
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2022 жылғы 4 мамырдағы № 183
бұйрығымен бекітілген
қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылға арналған стипендиясын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының атауы

Стипендия

студентам

магистрантам

1.

«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

68

1

2.

«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

57

1

3.

«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

84

2

4.

«Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

5


 

5.

«Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

8


 

6.

«Қ. И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техниқалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

35


 

7.

«С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

20


 

8.

«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

27


 

9.

«Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

20


 

10.

«Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

12

1

11.

«Қарағанды индустриалды университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

6


 

12.

«Қарағанды техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

18


 

13.

«Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

47


 

14.

«Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

19


 

15.

«А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өнірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

25


 

16.

«Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

21


 

17.

«Павлодар педагогиқалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

17


 

18.

«Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

20


 

19.

«Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

20


 

20.

«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

45

1

21.

«М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

69

1

22.

«Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

25


 

23.

«Нархоз университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

7


 

24.

«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

10


 

25.

«Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

40


 

26.

«Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

7


 

27.

Некоммерческое акционерное общество «Каспийский университет технологий и инжиниринга им. Ш.Есенова»

19


 

28.

«Абылай хан атындағы Қазақ әлем тілдері және халықаралық қатынастар университеті» акционерлік қоғамы

23


 

29.

«Алматы технологиялық университеті» акционерлік қоғамы

16


 

30.

«КИМЭП университеті» акционерлік қоғамы

7


 

31.

«Логистика және көлік академиясы» акционерлік қоғамы

3


 

32.

«Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті» мекемесі

26


 

33.

«Алматы Менеджмент Университеті» білім беру мекемесі

2


 

34.

«Сүлеймен Демирель атындағы университеті» мекемесі

20


 

35.

«Қазақтұтынуодағы Қарағанды университеті» жеке меншік мекемесі

14


 

36.

«Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

15


 

37.

«Халықаралық білім беру корпорациясы» акционерлік қоғамы

20


 

38.

«М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті» акционерлік қоғамы

10


 

39.

«Азаматтық авиация академиясы» акционерлік қоғамы

6


 

40.

«Қазақстан-Британ техникалық университеті» акционерлік қоғамы

12


 

41.

«Astana IT University» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

1


 

42.

«Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» акционерлік қоғамы

14


 

43.

«Университет «Тұран-Астана» мекемесі

1


 

44.

«Астана Халықаралық университеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

4


 

45.

«Қазақстан-Американдық Еркін Университеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

4


 

46.

«Alikhan Bokeikhan University» білім беру мекемесі

6


 

47.

«Тұран» мекемесі

10


 

Барлығы

965

7

Полная версия
ИС BestProfi