Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 04.04.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 527 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 04.04.2025 жылғы № 149 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 04.04.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
05 «Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар» сыныбының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«05 Тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге салынатын iшкi салықтар»;
01 «Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер» сыныбында:
4 «Мемлекет меншігінде тұрған, заңды тұлғалардағы қатысу үлесіне кірістер» кіші сыныбының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«4 Мемлекет меншігіндегі заңды тұлғалардағы қатысу үлесіне кірістер»;
02 «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер» сыныбының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«02 Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер»;
1 «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер» кіші сыныбының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«1 Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер»;
01 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсiмдер» ерекшелігінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«01 Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін түсiмдер»;
02 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер» ерекшелігінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
Полная версия
ИС BestProfi