Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу жөніндегі комиссиясын құру туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2020 жылғы 3 наурыздағы № 81 бұйрығы
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 25.01.2024 жылғы № 35 Бұйрығына сәйкес (05.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32929 болып тіркелген) бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидаларының, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысаны, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібінің 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 25.01.2024 жылғы № 35 Бұйрығына сәйкес (05.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 25.01.2024 жылғы № 35 Бұйрығына сәйкес (05.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)
4. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жанындағы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссиясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 91 бұйрығы жойылсын.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Ереженің атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 25.01.2024 жылғы № 35 Бұйрығына сәйкес (05.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)
1. Ереже Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) жұмысын ұйымдастыруды және қызметін реттеуді анықтайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 25.01.2024 жылғы № 35 Бұйрығына сәйкес (05.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)
2. Комиссия Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32929 болып тіркелген) бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидаларының, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысаны, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібінің 5-тармағына сәйкес құрылған.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 25.01.2024 жылғы № 35 Бұйрығына сәйкес (05.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)
3. Өз жұмысында Комиссия осы ережені және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
5. Комиссияның сандық және дербес құрамы Министрлік құрылымдық бөлімшелерінің басшылары немесе олардың орынбасарлары қатарынан Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығымен бекітіледі.
12. Комиссия шешімі қатысқан Комиссия мүшелерінің көпшілік басым дауысымен анықталады және хаттама түрінде мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып саналады.
13. Комиссияның хатшысы хаттаманы дайындауды, материалдар мен Комиссияның хаттамалық шешімдерін есептеу мен сақтауды жүзеге асырады. Комиссия хатшысы Комиссияның мүшесі болып табылмайды.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу жөніндегі комиссия құрамы
Құрам өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 05.03.2021 жылғы № 71 Бұйрығымен (03.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Құрам жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 25.01.2024 жылғы № 35 Бұйрығына сәйкес (05.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)