1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
Внимание! Документ утратил силу с 04.04.2025
«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2022 жылғы 26 мамырдағы № 531 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 04.04.2025 жылғы № 149 Бұйрығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер» функционалдық тобында:
2 «Қаржылық қызмет» функционалдық кіші тобында:
356 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың қаржы басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
«001 Жергілікті бюджетті атқару және коммуналдық меншікті басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«001 Жергілікті бюджетті жоспарлау, атқару және коммуналдық меншікті басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»;
мынадай мазмұндағы 055 бюджеттік кіші бағдарламасымен толықтырылсын:
«055 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферт есебінен»;
5 «Жоспарлау және статистикалық қызмет» функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 001 бюджеттік бағдарламалары мен 011, 015 және 055 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 510 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«510 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың экономика басқармасы
001 Жергілікті деңгейде экономикалық саясат саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен
055 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферт есебінен»;
мынадай мазмұндағы 002, 004, 032 және 061 бюджеттік бағдарламалары мен 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары толықтырылсын:
Полная версия

