Близость слов: Окончание:





Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ережесін және құрамын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 435 бұйрығы
«Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 тамыздағы № 799 қаулысымен бекітілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу қағидаларының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы бекітілсін.
3. «Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ережесін және құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының 2014 жылғы 24 мамырдағы № 48 бұйрығының күші жойылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау А.Қ. Жұмағалиевқа Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді, таратуға жатады.
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 10 сәуірдегі
№ 435 бұйрығына
1-қосымша
Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге
 жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы
 ереже
1. Осы Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы қызметінің (бұдан әрі - ведомствоаралық комиссия) мақсаты мен міндеттерін, тәртібін айқындайды.
2. Ведомствоаралық комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және өзге де заңнамалық актілерін, «Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 тамыздағы № 799 қаулысымен бекітілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу қағидаларын (бұдан әрі - Қағидалар) басшылыққа алады.
3. Ведомствоаралық комиссияның негізгі міндеті мүдделі мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың ұсыныстары бойынша қалыптасқан мемлекеттік қызметтердің тізбесін қарау нәтижелері бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу болып табылады.
2. Ведомствоаралық комиссияны қалыптастыру тәртібі
4. Ведомствоаралық комиссия мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдары өкілдерінің қатарынан қалыптастырылады.
5. Ведомствоаралық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ болуы тиіс.
3. Ведомствоаралық комиссияның жұмысын ұйымдастыру
6. Ведомствоаралық комиссиясын төраға - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің төрағасы басқарады.
Ведомствоаралық комиссияның төрағасы болмаған уақытта, оның функцияларын оның орынбасары атқарады.
7. Ведомствоаралық комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті болып табылады.
Ведомствоаралық комиссияның жұмыс органы Ведомствоаралық комиссияның хатшысы тұлғасында Ведомствоаралық комиссияның қызметін ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
1) жыл сайын 20 ақпаннан кешіктірмей мемлекеттік органдар ұсынған мемлекеттік қызметтердің сараптамасы негізінде, Ведомствоаралық комиссияда қарау үшін Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген өлшемдер бойынша ХҚКО арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтердің тізбесін (бұдан әрі - тізбе) қалыптастырады.
2) жыл сайын 20 наурыздан кешіктірмей, қалыптастырылған тізбені Ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізеді.
9. Ведомствоаралық комиссияның отырысы Ведомствоаралық комиссияның төрағасы белгілеген күні өткізіледі.
Ведомствоаралық комиссия оның отырысында мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда шешім қабылдайды.
10. Ведомствоаралық комиссия тізбені қарау қорытындысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің орындылығы туралы оң немесе теріс қорытынды шығарады.
11. Ведомствоаралық комиссияның шешімдері, отырысқа қатысып отырған Ведомствоаралық комиссиясы мүшелерінің жалпы санынан қарапайым көпшілік дауысымен қабылданды.
Ведомствоаралық комиссияның әрбір мүшесі бір дауысқа ие, дауыстар тең болған жағдайда Ведомствоаралық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Ведомствоаралық комиссияның мүшелерінің Ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасына енгізілетін ерекше пікір білдіруге құқығы бар.
12. Қажетті кеңестер алу мақсатында Ведомствоаралық комиссияның отырысында мемлекеттік органдардың және Жұмыс органының өкілдері қатысуы мүмкін.
13. Отырыс қорытындыларының нәтижесі бойынша Ведомствоаралық комиссияның хатшысы Ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасын жасайды.
14. Отырыстың хаттамасына Ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізгеннен кейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмей, отырысқа қатысқан Ведомствоаралық комиссияның мүшелері және Ведомствоаралық комиссияның хатшысы қол қояды.
4. Ведомствоаралық комиссия төрағасының және мүшелерінің өкілеттігі
15. Ведомствоаралық комиссияның төрағасы:
1) Ведомствоаралық комиссия отырысының күн тәртібін бекітеді;
2) Ведомствоаралық комиссия отырысының күнін болжамдаған отырыс өткізу күніне дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей тағайындайды;
3) Ведомствоаралық комиссияның жалпы жұмысын ұйымдастырады және оның отырыстарында төрағалық етеді;
4) Ведомствоаралық комиссияның қызметі үшін қажетті өзге де функцияларды жүзеге асырады.
16. Ведомствоаралық комиссияның мүшелері:
1) Ведомствоаралық комиссияның отырысында қарауға шығарылған мәселелерді талқылауға қатысады;
2) Дауыс беру жолымен Ведомствоаралық комиссияның отырысына шығарылған мемлекеттік қызметтер бойынша шешім қабылдауға қатысады.
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 10 сәуірдегі
№ 435 бұйрығына
2-қосымша
Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын
 мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық
 комиссияның құрамы

1.

Сарсенов

Сәкен Сейітжаппарұлы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің төрағасы, төраға;

 

2.

Арпабаев

Бек Кәрімбекұлы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті төрағасының орынбасары, төрағаның орынбасары;

 

3.

Садуақасова

Маржан Серікқазықызы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру басқармасының басшысы, хатшы;

 

4.

Бекманов

Дәулет Нысанхұлұлы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті Электронды қызметтерді бақылау басқармасының басшысы;

 

5.

Көшербаев

Әділет Мұратұлы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті Халыққа қызмет көрсету орталықтарының үйлестіру, бақылау және даму басқармасының басшысы;

 

6.

Әди

Ғалымжан Әдиұлы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы департаменті басшысының орынбасары (келісім бойынша);

 

7.

Сағындықова

Динара Алдабергенқызы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті директорының орынбасары (келісім бойынша);

 

8.

Ыбыраев

Ернар Еркінұлы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары (келісім бойынша);

 

9.

Досмұратова

Нұргүл Ғинаятоллақызы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Стратегиялық даму департаментінің директоры (келісім бойынша);

 

10.

Есілбаева

Анар Маратқызы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Стратегиялық даму департаменті жоспарлар мен мемлекеттік қызметтер мониторингі басқармасының басшысы (келісім бойынша);

 

11.

Оспанов

Абылайхан Есенұлы

«Нұр Отан» партиясы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша);

12.

Идиятов

Эльдар Қайыржанұлы

Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау орталығының мемлекеттік қызметтер көрсетілуін бағалау секторының меңгерушісі (келісім бойынша);

 

13..

Нығметов

Қайсар Қайыркенұлы

Стратегиялық әзірлемелер және экономикалық зерттеулер орталығы директорының орынбасары (келісім бойынша);

 

14.

Құрбанбаева

Гүлнәр Төретайқызы

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқармасы төрағасының орынбасары (келісім бойынша);

 

15.

Жандосова

Жанар Санжарқызы

«Сандж зерттеу орталығы» қоғамдық қорының президенті (келісім бойынша);

16.

Қуанғанова

Гүлнар Шаймұратқызы

Қазақстан кәсіпкерлері форумы атқарушы директорының орынбасары (келісім бойынша);

17.

Балташева

Әсемгүл Серікқызы

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директоры (келісім бойынша);

 

18.

Әубәкірова

Айнаш Кәменқызы

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметі департаментінің директоры (келісім бойынша);

 

19.

Есмағамбетов

Талғат Омарханұлы

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамының Басқармасы төрағасының орынбасары (келісім бойынша).

Полная версия
ИС BestProfi