Близость слов: Окончание:





Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді стандарттау жөніндегі жоспарды бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 маусымдағы № 704 бұйрығы
«Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 70-тармағын орындау үшін, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді стандарттау жөніндегі жоспар (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Б.Б. Қанешев):
1) Жоспарды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарының кезекті ақпараттық нұсқаушысында жариялауды;
2) Жоспарды белгіленген мерзімде іске асыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министрдің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
міндетін атқарушысының
2015 жылғы 17 маусымдағы
№ 704 бұйрығымен
бекітілген
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді стандарттау жөніндегі жоспар

р/с

Іс-шаралардың аталуы

Аяқталу нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімі

Болжанатын шығындар (мың теңге)

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

1

Стандарттары жоқ сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін талдау және анықтау

Стандарттары жоқ сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі

ТРМК

тамыз,

жыл сайын

Қажет емес

-

2

Ұлттық стандарттар ретінде қабылдауға жарамды қолданыстағы халықаралық, өңірлік және шетелдік нормативтік техникалық құжаттардың болу мәніне талдау жүргізу

Ұлттық стандарттар ретінде қабылдауға арналған халықаралық, өңірлік және шетелдік нормативтік техникалық құжаттардың тізбесі

ТРМК

қазан,

жыл сайын

Қажет емес

-

3

Қажетті қаржыландыру көлемін анықтаумен мемлекеттік стандарттау жоспарын қалыптастыру және бекіту

ИДМ бұйрығы

ТРМК

желтоқсан,

жыл сайын

Қажет емес

-

4

Стандарттау бойынша халықаралық, өңірлік, ұлттық және салалық ұйымдармен келісімдер жасау

Шетелдердің стандарттау жөніндегі халықаралық, өңірлік, ұлттық және салалық ұйымдарының стандарттарын қолдану және таратуға келісімдер

ТРМК

қажеттілігіне қарай

Қажет емес

-

5

Стандарттау бойынша нормативтік техникалық құжаттарды әзірлеу (толықтыру, аудару) және қабылдау

ТРМК бұйрықтары

ТРМК

желтоқсан

2016 ж.,

жыл сайын

«Техникалық реттеу және метрология саласындағы қызметтер» 061 бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

Республикалық бюджет*

6

Ескірген ұлттық стандарттарды өзектендіру (қайта қарау, жою, ауыстыру)

Өзектендірілген ұлттық стандарттар

ТРМК

қажеттілігіне қарай

Қажет емес

Тиісті ұлттық стандарттар әзірлеушінің меншік қаражаттары

7

Бекітілген және Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына енгізілген тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге арналған стандарттарды мемлекеттік сатып алу жүйесіне енгізу

Мемлекеттік сатып алу жүйесінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жаңартылған анықтамасы

ТРМК

тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге бекітілген және енгізілген стандарттарды ұсыну шегі бойынша

Қажет емес

-

* - тиісті қаржы жылына республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде қаржыландыру көлемі нақтыланады
ТРМК - Техникалық реттеу және метрология комитеті
Полная версия
ИС BestProfi