"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Алматы облысының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру және атауларын өзгерту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 маусымдағы № 370 қаулысы
1. Мынадай білім беру ұйымдарына:
1) "Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 46 орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесіне Әл-Фарабидің;
2) "Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 28 ІТ мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Құлжабай Қасымовтың;
3) "Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар № 9 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Сайын Мұратбековтің;
4) "Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Талдықорған қаласындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандырылған мектеп-интернаты-колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Жақсылық Үшкемпіровтің есімдері берілсін.
2. "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "1 Май орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы "Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қапал батыр атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Полная версия