Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 8 қыркүйектегі № 529 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу қағидаларының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақурылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу жөніндегі комиссия құру туралы Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 83/НҚ бұйрығы
Редакция 15.04.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес құрамда Ақпараттық- коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу жөніндегі комиссия құрылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен күшіне енеді, таныстырылуға және таратылуға тиісті.
Министрдің м.а. М. Нұрғожин
Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 5 мамырдағы № 83/НҚ бұйрығына қосымша
Осы Қосымша жаңа редакцияда жазылды Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі міндетін атқарушының 27.03.2021 жылғы № 101/НҚ Бұйрығына сәйкес (05.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) Осы Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 14.04.2022 жылғы № 123/НҚ Бұйрығына сәйкес (27.03.2021 ж. редакцияны қараңыз) Осы Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 15.04.2022 жылғы № 125/НҚ Бұйрығына сәйкес (14.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу жөніндегі комиссияның құрамы
Оразбек Асхат Елубайұлы
|
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі , комиссия төрағасы;
|
Әбдіқалықов Руслан Кенжебекұлы
|
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы , комиссия төрағасының орынбасары;
|
Үсейінов Темірлан Нұрланұлы
|
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерін үйлестіру басқармасының басшысы, комиссия хатшысы;
|
Комиссия мүшелері
|
|
Мұстағұлов Талғат Сәрсенбайұлы
|
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары;
|
Тәтенов Ғалымбек Шәмілұлы
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпараттық қауіпсіздік департаменті бастығының орынбасары (келісім бойынша);
|
Рачинский Вадим Олегович
|
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы Мемлекеттік құпияларды қорғау департаментінің киберқауіпсіздік басқармасы (киберқауіпсіздікті ұйымдастыру жөніндегі) бағытының аға офицері (келісім бойынша);
|
Ыбраев Жанат Әміржанұлы
|
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Бас штабының Мемлекеттік құпияларды қорғау департаменті Киберқауіпсіздік басқармасының бастығы – департамент бастығының орынбасары (келісім бойынша);
|
Төкешев Айбек Әлібекұлы
|
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс департаменті Ақпараттандыру және цифрландыру басқармасының бастығы (келісім бойынша);
|
Есназаров Ерлан Мәуленбекұлы
|
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс департаменті Ақпараттық қауіпсіздік тобының бас маманы (келісім бойынша);
|
Сәтиев Олжас Шағзадұлы
|
«Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша);
|
Покусов Виктор Владимирович
|
«Қазақстандық ақпараттық қауіпсіздік қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);
|
Ли Виталий Константинович
|
«Орталық Азия киберқауіпсіздік кәсіпқойлары қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша).
|