БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 04.04.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 622 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 04.04.2025 жылғы № 149 Бұйрығына сәйкес
Редакция 04.04.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
1 «Салықтық түсімдер» санатында:
05 «Тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге салынатын iшкi салықтар» сыныбында:
3 «Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер» кіші сыныбында:
16 «Қоршаған ортаға эмиссия үшін төленетін төлемақы» ерекшелігінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«16 Қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы»;
Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер» функционалдық тобында:
1 «Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар» функционалдық кіші тобында:
110 «Облыс мәслихатының аппараты» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 113 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«113 Төменгі тұрған бюджеттерге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер
011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
305 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
Полная версия

