«Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 16), 17) және 20) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу қағидаларын, аумақтық кластерлердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын және аумақтық кластерлерді дамытуда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 27 маусымдағы № 367 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 маусымда № 28644 болып тіркелді
Редакция 16.09.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Мыналар:
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Аумақтық кластерлердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Аумақтық кластерлерді дамытуда өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіптік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы Е. Дауылбаев
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 маусымдағы № 367 Бұйрыққа 1-қосымша
Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және аумақтық кластерлерді конкурстық іріктеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
1) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық іс-әрекеттерді жүзеге асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсететін персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдық реттелген жиынтығы;
Полная версия