«Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығына, «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңының 6-2-бабына сәйкес коронавирусты инфекцияның (COVID-19) таралуына байланысты Қазақстан Республикасы экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Төтенше жағдай режимі жағдайында өлшем құралдарын қолданудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2020 жылғы 14 мамырдағы № 162-од бұйрығы
Редакция 17.06.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Салыстырып тексеру/калибрлеу туралы сертификаттардың төтенше жағдай/карантин кезеңінде қолданылу мерзімі өткен эталондар мен өлшем құралдарын, мерзімі өткен сәттен төтенше жағдай/карантин режимі аяқталған күннен бастап күнтізбелік 30 күнге дейін қолдануға рұқсат етілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің 17.06.2020 жылғы № 212-ОД Бұйрығына сәйкес (14.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Басқа өңірде эталонды немесе өлшем құралдарын тексеру/калибрлеу жүргізу қажет болған жағдайда, тиісті өңірде төтенше жағдай/карантин режимі аяқталған күннен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң.
2. Қолданылу мерзімі төтенше жағдай кезеңінде өткен өлшеу құралдарының түрін бекіту туралы сертификаттардың қолданылу мерзімін 2020 жылғы 30 тамызға дейін ұзартылсын.
3. «ҚазМетрИн» РМК Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тиісті өзгерістер енгізсін.
4. Аумақтық департаменттер осы ақпаратты мүдделі жеке және заңды тұлғалардың назарына жеткізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға А. Шаккалиев
Полная версия