Близость слов: Окончание:





«Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу туралы
 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 640 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу қағидаларының 10, 13-тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу жөніндегі комиссия отырысының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 53 хаттамасының негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жеке меншік білім беру ұйымдарының Республикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі аккредиттеліп 3 (үш) жыл мерзімге аккредиттеу туралы куәлік берілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Полная версия
ИС BestProfi