«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына және 181-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 тамыздағы № 540 қаулысы
Редакция 27.12.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамы таратылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне «Ұлттық ақпараттық технологиялар» және «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамдары (бұдан әрі – акционерлік қоғамдар) акцияларының пакеттерін иелену және пайдалану құқығын беруді қамтамасыз етсін;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 03.11.2022 жылғы № 865 Қаулысына сәйкес (05.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)
2) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
4. «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамының 2021 – 2030 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 881 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының 2-тармағының 1) тармақшасын, сондай-ақ тарату комиссиясы акционерлік қоғамдардың акцияларын бергеннен кейін қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1 және 2-тармақтарының бесінші, алтыншы, жетінші абзацтарын, 5-тармағының жетінші, сегізінші, тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 03.11.2022 жылғы № 865 Қаулысына сәйкес (05.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 тамыздағы № 540 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Нұр-Сұлтан қаласы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 21-108-жол алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 21-205 және 21-206-жолдармен толықтырылсын:
«21-205. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы
21-206. «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы».
2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне» деген бөлімде:
реттік нөмірі 376-3-жол алып тасталсын.
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 376-4 және 376-5-жолдармен толықтырылсын:
«376-4. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы.
376-5. «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы.».
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.12.2023 жылғы № 1195 Қаулысымен (03.11.2022 жылғы редакцияны қараңыз)
4. «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесінде:
реттік нөмірі 3-жол алып тасталсын.
5. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Акционерлік қоғамдар» деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
«3) «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы;
4) «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы.».
Полная версия