1. Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Внимание! Документ утратил силу с 04.04.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2022 жылғы 10 тамыздағы № 810 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 04.04.2025 жылғы № 149 Бұйрығына сәйкес
Редакция 04.04.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
БҰЙЫРАМЫН:
бюджет түсімдерінің сыныптамасында:
1 «Салықтық түсімдер» санатында:
05 «Тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге салынатын iшкi салықтар» сыныбында:
2 «Акциздер» кіші сыныбында:
75 «Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі өнімдері, жеңiл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару бейімдегіші бар автомобильдерден басқа)» сыныбының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«75 Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі өнімдері, жеңiл автомобильдер (арнайы мүгедектігі бар адамдарға арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару бейімдегіші бар автомобильдерден басқа)»;
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
05 «Денсаулық сақтау» функционалдық тобында:
4 «Емханалар» функционалдық кіші тобында:
253 «Облыстың денсаулық сақтау басқармасы» бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша:
039 «Республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін көмекті қоспағанда ауылдық денсаулық сақтау субъектілерінің амбулаториялық-емханалық қызметтерді және медициналық қызметтерді көрсетуі және Сall-орталықтардың қызмет көрсетуі» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«039 Денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық көмегін қамтитын қосымша медициналық көмектің көлемін көрсету, Call-орталықтардың қызметтер көрсетуі және өзге де шығыстар»;
322 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың қоғамдық денсаулық басқармасы» бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша:
039 «Республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін көмекті қоспағанда ауылдық денсаулық сақтау субъектілерінің амбулаториялық-емханалық қызметтерді және медициналық қызметтерді көрсетуі және Сall-орталықтардың қызмет көрсетуі» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«039 Денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық көмегін қамтитын қосымша медициналық көмектің көлемін көрсету, Call-орталықтардың қызметтер көрсетуі және өзге де шығыстар»;
339 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша:
039 «Республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін көмекті қоспағанда ауылдық денсаулық сақтау субъектілерінің амбулаториялық-емханалық қызметтерді және медициналық қызметтерді көрсетуі және Сall-орталықтардың қызмет көрсетуі» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«039 Денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық көмегін қамтитын қосымша медициналық көмектің көлемін көрсету, Call-орталықтардың қызметтер көрсетуі және өзге де шығыстар»;
353 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың денсаулық сақтау басқармасы» бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша:
039 «Республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін көмекті қоспағанда ауылдық денсаулық сақтау субъектілерінің амбулаториялық-емханалық қызметтерді және медициналық қызметтерді көрсетуі және Сall-орталықтардың қызмет көрсетуі» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«039 Денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық көмегін қамтитын қосымша медициналық көмектің көлемін көрсету, Call-орталықтардың қызметтер көрсетуі және өзге де шығыстар»;
754 «Облыстың қоғамдық денсаулық басқармасы» бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша:
039 «Республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін көмекті қоспағанда ауылдық денсаулық сақтау субъектілерінің амбулаториялық-емханалық қызметтерді және медициналық қызметтерді көрсетуі және Сall-орталықтардың қызмет көрсетуі» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«039 Денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық көмегін қамтитын қосымша медициналық көмектің көлемін көрсету, Call-орталықтардың қызметтер көрсетуі және өзге де шығыстар».
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 04.04.2025 жылғы № 150 Бұйрығымен (10.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Е. Жамаубаев
Полная версия

