БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 17.05.2025
Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 9 тамыздағы № 807 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 10 тамызда № 29082 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 17 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 29.04.2025 жылғы № 209 Бұйрығына сәйкес
1. «Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10007 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізiлсiн:
«21. 111 «Еңбекақы төлеу» ерекшелігі бойынша шығыстардың есептеулері Қағидаларға 2, 3, 3-1, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15 және 16-қосымшаларға сәйкес 01-111, 02-111, 03-111, 04-111, 05-111, 06-111, 07-111, 08-111, 09-111, 10-111, 11-111, 12-111, 13-111, 14-111 және 15-111 нысандары бойынша жасалады.
Көрсетiлген нысандар бойынша есептеулердi жасаған кезде радиациялық зiлзала аумақтарында тұрғаны және экологиялық қасiрет аймақтарында тұрғаны үшiн қосымша ақы есептелген кезде «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және «Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алған жөн.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 939 «Мемлекеттiк әкімшілік қызметшiлерге пилоттық режимде еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысымен бекітелген пилоттық органдар үшін мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге еңбекақы төлеуге араналған шығыстардың есебі ерікті нысанда жасалады.
01-111-нысан (2-қосымша) прокуратура органдарының, мемлекеттiк фельдъегерлiк қызметтiң, құқық қорғау органдарының, өртке қарсы мемлекеттiк қызмет, қылмыстық-атқару жүйесiнiң, iшкi iстер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің, экономикалық тергеу қызметінің, қылмыстық-атқару жүйесі және кеден қызметi органдарының қызметшiлерiн, әскери қызметшiлердi қоспағанда, мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң еңбекақыларына арналған шығыстарды есептеуге арналған, олар бойынша тиiсiнше 12-111, 13-111, 14-111 және 15-111-нысандар толтырылады. Осы есептеулердi жасаған кезде Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығымен бекітілген санаттары бойынша мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізіліміннің 2 бөлімін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы» 2017 жылғы 16 қазандағы № 646 қбп қаулысын (бұдан әрi - № 646 қбп Қаулы) басшылыққа алған жөн.
02-111-нысан (3-қосымша) мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң, депутаттардың еңбекақысына жұмсалатын шығыстарды есептеуге арналған.
02-111-нысан (3-1-қосымша) судьялардың, судьяларға кандидат тағылымдамадан өтушілердің еңбекақысына жұмсалатын шығыстарды есептеуге арналған.
№ 646 қбп Қаулыны 03-111, 12-111, 13-11114-111 және 15-111-нысандар бойынша есеп жасаған кезде де басшылыққа алған жөн.
03-111-нысан (4-қосымша) төтенше және өкiлеттi елшiлердiң, шет елдегi мекемелер қызметкерлерiнiң еңбекақысына жұмсалатын шығыстарды есептеуге арналған.
04-111-нысан (5-қосымша) мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерi қызметкерлерiнiң еңбекақыларына арналған шығыстарды есептеуге арналған.
Осы есептеулердi жасаған кезде «Азаматтық қызметшiлерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысын (бұдан әрi - № 1193 қаулы) басшылыққа алған жөн. Осы нормативтiк құқықтық актіні 05-111, 06-111, 07-111, 08-111, 09-111, 10-111 және 11-111-нысандар бойынша есептеулерді жасаған кезде де басшылыққа алған жөн.
5-қосымша сондай-ақ 132 «Патронатты тәрбиешілерге еңбекақы төлеу» ерекшелігі бойынша шығыстарды есептеу үшін қолданылады. Бұл ретте әлеуметтік аударымдарды және әлеуметтік салықты есептеу ерікті нысанда жасалады.
06-111-нысан (7-қосымша) мемлекеттiк денсаулық сақтау мекемелерi қызметкерлерiнiң еңбекақыларына арналған шығыстарды есептеуге арналған.
07-111-нысан (8-қосымша) әлеуметтiк қамитамасыз ету мемлекеттiк мекемелерi қызметкерлерiнiң еңбекақыларына арналған шығыстарды есептеуге арналған.
08-111-нысан (9-қосымша) мәдениет және мұрағат iсi мемлекеттiк мекемелерi қызметкерлерiнiң еңбекақыларына арналған шығыстарды есептеуге арналған.
09-111-нысан (10-қосымша) дене шынықтыру және спорт мемлекеттiк мекемелерi қызметкерлерiнiң еңбекақыларына арналған шығыстарды есептеуге арналған.
Полная версия

