Близость слов: Окончание:





Жерге мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 10 тамыздағы № 250 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 11 тамызда № 29085 болып тіркелді
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 4-6) тармақшасына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жерге мониторинг жүргізу жөніндегі әдістеме бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрі Е.Қарашукеев
«КЕЛІСІЛДІ»   
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, 
инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі 
министрлігі 
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2022 жылғы 10 тамыздағы
№ 250бұйрығымен бекітілген
1. Жерге мониторинг жүргізу жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 14-бабы 1-тармағының 4-6) тармақшасына сәйкес әзірленді және жерге мониторинг жүргізу кезінде қолданылады.
2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жартылай стационарлық пункт – 5, 10 және одан да көп жыл аралықпен мерзімді (10 жылдан астам мерзімге) байқаулар үшін нақты жағдайлар мен мақсаттарға байланысты ұйымдастырылатын жер учаскесі;
2) конверт әдісі – алаңқайда жабық конверт түрінде орналасқан 5 топырақ сынамасы алынатын әдіс;
3) негізгі учаске – өсімдіктер мен топырақтың құрамы мен сипатын, олардың белгілі бір ландшафттың табиғи жағдайларымен байланысын қажетті дұрыстықпен көрсететін жергілікті жердің әдеттегі учаскесі;
4) полигон – ландшафтардың белгілі бір түрлерін (құмдар, тау бөктеріндегі жазықтар, таулар) сипаттайтын әртүрлі конфигурациялы аумақ;
5) стационарлық пункт – әртүрлі табиғи-климаттық аймақтарда, провинцияларда, биіктік белдеулерінде өсімдік және топырақ жамылғысының жай-күйін тұрақты ұзақ мерзімді (10 жылдан астам мерзімге) байқау мақсатында ұйымдастырылатын жер учаскесі.
Полная версия
ИС BestProfi