Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 жетоқсандағы № 1089 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктеріне аккредиттеу өткізу ережесінің 13-тармағына сәйкес, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
Аккредиттеу туралы куәлікті беру туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 8 шілдедегі № 163 бұйрығы.
1. Әділет министрлігінің Жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссиясының 2020 жылғы 24 маусымдағы ұсынымы негізінде аккредиттеу туралы куәлiгі:
1) мерзімсіз негізде:
- «Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне;
- «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне.
2) үш жыл мерзімге:
- «Бәсекелестікті және тауарлар нарықтарын дамыу қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігіне;
- «Қазақстан 1 Жанармай Қауымдастығы» қауымдастық нысанындағы жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бірлестігіне;
- «Қазақстан Республикасының кәсіпкерлер және қызмет берушілер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне;
- «Қазақстан жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы» одағы түрінде заңды тұлғалар бірлестігіне берiлсін.
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр М. Бекетаев
Полная версия