Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі № 36-III Заңы
Осы Заңның тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.12.2015 жылғы № 429-V Заңына сәйкес (18.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.12.2015 жылы № 232 (28710) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Заңның тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР 04.07.2022 жылғы № 134-VII Заңына сәйкес (19.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты іске асыру, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Кіріспе өзгертілді ҚР 22.12.2011  жылғы № 515-IV Заңымен (12.04.2005 ж. редакцияны қараңыз)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.12.2015 жылғы № 429-V Заңына сәйкес (18.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.12.2015 жылы № 232 (28710) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР 04.07.2022 жылғы № 134-VII Заңына сәйкес (19.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 22.12.2011  жылғы № 515-IV Заңымен (12.04.2005 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтік бағдарлама - өзара байланысты әлеуметтік жобалар кешені;
1-1) әлеуметтік жоба – әлеуметтік мәні бар салалардағы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған, бір жыл ішінде және үш жылға дейін іске асырылатын ұйымдастырушылық, экономикалық және техникалық шаралардың жиынтығы;
1-1-тармақша өзгертілді ҚР 18.02.2014 жылғы № 175-V Заңымен (15.04.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.02.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс – әлеуметтік саладағы міндеттерді шешуге бағытталған, үкіметтік емес ұйымдар бюджет қаражаты есебінен орындайтын әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға жүзеге асыру үшін берілген функцияларын іске асыру нысаны;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.12.2015 жылғы № 429-V Заңына сәйкес (18.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.12.2015 жылы № 232 (28710) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 19.04.2019 жылғы № 250-VІ Заңына сәйкес (13.06.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс алуға арналған конкурс (бұдан әрі - конкурс) - тапсырыс берушінің үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстарын, көрсетілген қызметтерін сатып алуға бағытталған және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың ықтимал өнім берушілері арасында ашық әрі адал бәсекелестікті қамтамасыз ететін ықтимал өнім берушіні анықтау әдісі;
3-1) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар саласындағы мемлекеттік орган (бұдан әрі – мемлекеттік орган) – мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылу мониторингі және нәтижелерін бағалау, үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттарды қалыптастыру және олардың тиімділігін бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган, оның ішінде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар;
1-бап 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 18.02.2014 жылғы № 175-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.02.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 04.07.2022 жылғы № 134-VII Заңына сәйкес (19.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 3-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 18.02.2014 жылғы № 175-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.02.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-2-тармақша алынып тасталды ҚР 02.12.2015 жылғы № 429-V Заңымен (18.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.12.2015 жылы № 232 (28710) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарттары – үкіметтік емес ұйымдар көрсететін қызметтердің сапасына, шарттарына, мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ олардың сапасын бағалау өлшемшарттарын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер;
1-бап 3-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 13.06.2018 жылғы № 160-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.06.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт - тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жасалған шарт;
4-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 18.02.2014 жылғы № 175-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.02.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-1-тармақша алынып тасталды ҚР 02.12.2015 жылғы № 429-V Заңымен (18.02.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.12.2015 жылы № 232 (28710) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру – мемлекеттік органның құзыретіне сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптарын жоспарлау процесі;
1-бап 4-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 13.06.2018 жылғы № 160-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.06.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалау – мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру тиімділігін талдау;
1-бап 4-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 13.06.2018 жылғы № 160-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.06.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушісі (бұдан әрі - өнім беруші) - мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асыратын үкіметтік емес ұйым;
5-1) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингі — мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау;
1-бап 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 18.02.2014 жылғы № 175-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.02.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5-2) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру – мемлекеттік органдардың мемлекеттік гранттардың бағыттарын айқындау, мемлекеттік гранттар үшін бюджет қаражатын жыл сайынғы және (немесе) орта мерзімді жоспарлау және айқындау рәсімін жүргізу жөніндегі қызметі;
1-бап 5-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 04.07.2022 жылғы № 134-VII Заңына сәйкес (өзгерту 04.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-3) мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалау – жобаларды іске асыру барысында алынған нәтижелерді, олардың қойылған мақсаттар мен күтілетін нәтижелерге сәйкестігін талдау процесі;
1-бап 5-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 04.07.2022 жылғы № 134-VII Заңына сәйкес (өзгерту 04.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi