Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 29.10.2023
«Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 маусымдағы № 409 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 725 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 29 қазаннан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 12.10.2023 жылғы № 903 Қаулысына сәйкес
1. «Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 маусымдағы № 409 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидалары мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1418 қаулысымен бекітілген индустрияландыру картасында, сондай-ақ облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдіктерінің 2022 жылғы 7 шілдені қоса алғанға дейінгі қаулыларымен бекітілген өңірлік кәсіпкерлікті қолдау карталарында көзделген, іске асырылып жатқан жобалар осы Қағидаларда белгіленген рәсімдерден өтпей-ақ бірыңғай индустрияландыру картасына енгізіледі.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Полная версия

