Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 4-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасы табиғи жем-шөп алқаптарының ірі масштабты (1:1 000 – 1:100 000) геоботаникалық іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 3 қазандағы № 314 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 қазанда № 30043 болып тіркелді
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы табиғи жем-шөп алқаптарының ірі масштабты (1:1 000 – 1:100 000) геоботаникалық іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістеме бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Е. Карашукеев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2022 жылғы 3 қазандағы № 314 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы табиғи жем-шөп алқаптарының ірі масштабты (1:1 000 – 1:100 000) геоботаникалық іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістеме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы табиғи жем-шөп алқаптарының ірі масштабты (1:1 000-1:100 000) геоботаникалық іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 4-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының табиғи азықтық алқаптарының ірі масштабты (1:1 000-1:100 000) геоботаникалық іздестірулерін жүргізу кезінде қолданылады.
2. Осы Әдістемеде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) өсімдіктер қоғамдастығы – белгілі бір флористикалық құраммен, құрылыммен, өсімдіктердің бір-бірімен және қоршаған орта факторларымен байланысымен сипатталатын өсімдік түрлерінің азды-көпті тұрақты табиғи тобы;
2) геоботаникалық сипаттама – өсімдік қоғамдастығы түрлерінің сандық қатысуы, дақылдық-техникалық жай-күйі, сондай-ақ контурының сипаттамасы (үлгілерінің атауы, алқап түрі, пайдалану сипаты) көрсетілген олардың толық тізімі;
3) геоботаникалық контурлар – экологиялық жағдайлары (бедері, топырағы, ылғалдылығы), өсімдіктердің құрамы мен құрылымы, дақылдық-техникалық жай-күйі және шаруашылықта пайдаланылуы ұқсас аумақтың учаскелері;
4) табиғи азықтық алқаптың типі (бұдан әрі – тип) – біртекті де, сондай-ақ біртекті емес, кешенді болуы да мүмкін ұқсас немесе жақын (құрамы, азықтық сапасы, топырақ бетінің сипаты бойынша) жайылымдардың бірлестігі;
5) табиғи азықтық алқап типінің айырмасы (бұдан әрі – тип айырмасы) – өсімдік жамылғысының элементарлық бірлігі;
Полная версия

