Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 04.04.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 27 қазандағы № 1095 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 04.04.2025 жылғы № 149 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 04.04.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгеріс және толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
4 «Трансферттердің түсімдері» санатында:
03 «Облыстық бюджеттеріне, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне берілетін трансферттер» сыныбында:
1 «Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің басқа облыстық бюджеттермен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерімен өзара қатынастары» кіші сыныбында:
01 «Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне әкімшілік-аумақтық бірліктің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, жалпы республикалық не халықаралық маңызы бар іс-шаралар өткізілген жағдайларда берілетін трансферттер» ерекшелігінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«01 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне әкімшілік-аумақтық бірліктің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, жалпы республикалық не халықаралық маңызы бар іс-шаралар жүргізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен берілетін трансферттер»;
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
9 «Бiлiм беру саласындағы өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобында:
261 «Облыстың білім басқармасы» және 753 «Облыстың адами әлеуетті дамыту басқармасы» бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша:
мынадай мазмұндағы 125 және 126 бюджеттік бағдарламаларымен толықтырылсын:
«125 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жою, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша ағымдағы шығыстарға аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер
126 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерінен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жою, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша даму шығыстарына аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне берілетін нысаналы даму трансферттері»;
06 «Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру» функционалдық тобында:
2 «Әлеуметтiк көмек» функционалдық кіші тобында:
Полная версия
ИС BestProfi