Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы өңіраралық басқармаларының  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын бекіту туралы 
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 31 қазан 2022 жылғы №339 бұйрығы
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы өңіраралық басқармаларының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (бұдан әрі - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт) бекітілсін.
2.Персоналды дамыту басқармасы өңіраралық басқармалардың қызметкерлерін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартпен таныстырсын.
3.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.
4.Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
31 қазан 2022 жылғы
№339 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы өңіраралық басқармаларының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
1. Қоғамдық қатынастар саласының атауы: мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді мемлекеттік бақылау, Қазақстан Республикасының магистральдық құбыр туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау, көмірсутектер мен уран өндіру бөлігінде жер қойнауын пайдалану, мұнай-газ, мұнай-химия өнеркәсібі, көмірсутек шикізатын тасымалдау, газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеггік бақылау, өтініш берушілердің көмірсутегі саласындағы біліктілік талаптарына сәйкестігін мемлекеттік бақылау (рұқсат беру бақылауы), жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдер шарттарының сақталуын бақылау, бақылаудағы аумақ шегінде жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау бойынша жұмыстарды қабылдау, өз функцияларын іске асыру кезінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау,
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт әзірлеушінің атауы: Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының өңіраралық басқармалары үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесін белгілеуге бағытталған,
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт әзірлеу міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мүнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының өңіраралық басқармаларында жұмыс істейтін адамдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез - құлықты қалыптастыру;
2) Сыбайлас жемқорлық көріністерін дер кезінде анықтау және олардың жағымсыз салдарының алдын алу,
5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың қағидаттары:
2) адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы;
4) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауы;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану;
6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды көтермелеу;
8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы болып табылады.
6. Осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартта қозғалған салаларда жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:
1) мемлекеттік қызмет қоғам мүдделеріне адалдық танытуға және Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік тіл мен басқа тілдерге, Қазақстан халқының дәстүрлері мен ғұрыптарына құрметпен қарауға міндеттейді;
2) қарапайым болу, жалпыға бірдей қабылданған моральдық-эдептік нормаларды сақтау, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға;
3) мемлекет мүдделеріне және азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге қарсы түруға;
4) іскерлік әдеп пен ресми мінез-қүлық қағидаларын сақтауға, азаматтардың көз алдында өздері өкілі болып табылатын мемлекеттік органдардың абыройы мен беделіне айқын нұқсан келтіретін әрекеттер жасауға жол бермеуге;
5) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін қызметтік жағдайын, сондай-ақ онымен байланысты мүмкіндіктерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделерінде, оның ішінде оларға өзінің көзқарасын насихаттау үшін пайдаланбауға;
6) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, мемлекеттік мүлікті тек нысаналы мақсаты бойынша, лауазымдық міндеттерін және рұқсат етілген қызмет түрлерін орындау үшін пайдалануға;
7) өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге;
8) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге;
9) лауазымдық міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға;
10) өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға;
11) қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, өзіиің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұгымды және тиімді пайдалануға;
12) мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс;
13) әріптестеріне өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлемеуге тиіс;
14) мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, кішіпейілділік танытуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға және қоғамдық имандылыққа қолсұғумен үштасқан қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс;
15) басшылардың бүйрықтары мен өкімдері, жоғары түрған органдар мен лауазымды адамдардың шешімдері мен нүсқаулары олардың лауазымдық өкілеттіктері шегінде шығарылған болса, оларды орындауға;
16) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін заңмен белгіленген уақыт ішінде сақтауға, ол жөнінде қолхат беруге;
17) лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезінде алатын, азаматтардың жеке өмірін, ар-намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді жария етпеуге және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мүндай ақпарат беруді талап етпеуге;
18) егер мемлекеттік қызметшіде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпарат болса, ол мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөніндегі қажетті шараларды қабылдауға, оның ішінде жоғары тұрған басшыға, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс. Мемлекеттік қызметші өзін басқа адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру жағдайлары туралы да аталған адамдар мен органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға міндетті;
19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның ақпараттық ресурстарымен жұмыс процесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге;
20) мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық жасады деп жариялы түрде негізсіз айып тағылған кезде ал осындай айыптауды анықтаған күннен бастап бір ай мерзімде оны теріске шығару жөніндегі шараларды қабылдауға тиіс.
7. Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, тексерілетін субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) тексеруді немесе бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдер шарттарының сақталуына жоспарлы немесе жоспардан тыс баруды, берілген лицензиялар бойынша біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген негізде және тәртіпке қатаң сәйкестікте жүргізуге;
3) жоспардан тыс тексеруді немесе бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдер шарттарының сақталуына бақылау, берілген лицензиялар бойынша біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру жүргізу кезеңінде бақылау субъектілері (объектілері) жұмысының белгіленген режиміне кедергі келтірмеуге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарының бұзушылықтарын алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындауға;
5) жоспардан тыс тексеруді немесе бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдер шарттарының сақталуына бақылау, берілген лицензиялар бойынша біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру жүргізу кезінде бақылау субъектісінің қатысуына кедергі келтірмеуге, тексерудің және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың, берілген лицензиялар бойынша біліктілік талаптарына сәйкестігін тексерудің нысанасына жататын мәселелер бойынша түсіндірме беруге;
6) жоспардан тыс тексеруді және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдер шарттарының сақталуына бақылау, берілген лицензиялар бойынша біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізу кезінде олардың нысанасына қатысты қажетті ақпаратты бақылау субъектісіне беруге;
7) жүргізілген тексеру нэтижелері туралы актіні немесе бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілген профилактикалық бақылау, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімгаарттар, оның ішінде анімді бөлу туралы келісІмдер шарттарының сақталуына бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нүсқаманы олар аяқталған күні немесе қолданыстагы Қазақстан Рсспубликасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде табыс етуге;
8) тексеруді және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдер шарттарының сақталуына бақылау, берілген лицензиялар бойынша біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге;
9) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен рұқсат құжаттарын алуға өтініш берушілермен қызметтен тыс қарым-қатынасқа түспеуге;
10) мемлекеттік қызмет көрсету, ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін рұқсат беру құжаттарын алу үшін бекітілген тізбеге кірмейтін қосымша құжаттарды ұсынуды талап етпеуге және сұратпауға;
11) тексерілетін субъектілерге заңсыз талаптар қоймауға, тексеру нысанасына жатпайтын өтініштермен жүгінбеуге;
12) тексеру жүргізу кезінде тексерілетін субъектіге тексеру нысанасына қатысты қажетті ақпаратты беруге;
13) жеке және пайдакүнемдік мүдделерде кәсіпкерлік қызмет субъектілеріне қолдау көрсетпеуге;
14) тексерулерді жүзеге асыру кезінде тексерілетін кәсіпкерлік субъектілерінен тексеру нысанасына жатпайтын құжаттарды талап етпеуге;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік субъектісінің келісімінсіз лауазымдық міндеттерін орындауына байланысты мәлім болған коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты таратуға және (немесе) пайдалануға жол бермеуге міндетті.
8. Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау жөніндегі жұмыстарды қабылдауды жүзеге асыру кезінде олар аяқталғаннан кейін бақылаудағы аумақ шегінде:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, тексерілетін субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіп негізінде және қатаң сәйкестікте бақылаудағы аумақ шегінде жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау жұмыстары аяқталғаннан кейін оларды қабылдауды жүзеге асыру;
3) жер қойнауын пайдалану субъектісіне кедергі келтірмеу, бақылаудағы аумақ шегінде жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау жөніндегі жұмыстарды қабылдауды жүзеге асыру кезінде олар аяқталғаннан кейін қатысуға, жер қойнауын пайдалануды тексеру нысанасына жататын мәселелер бойынша түсініктемелер беру;
4) бақылаудағы аумақ шегінде жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау жөніндегі жұмыстарды қабылдауды жүзеге асыру кезінде тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету.
9. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінщ Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы өңіраралық басқармаларының (бұдан әрі - өңіраралық басқармалар) басшылары қарамағындағы қызметшілермен қарым-қатынас кезінде:
1) өзінің мінез-құлқымен бейтараптықтың, әділдіктің, риясыздықтың, жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына құрметпен қараудың үлгісі болуға;
2) меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз етуге, кадр мәселелерін шешу кезінде туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша артықшылық көрсетпеуге;
3) олардың қызметінің нәтижелерін бағалау, сондай-ақ көтермелеу және тәртіптік жазалау шараларын қолдану кезінде әділдік пен объективтілік танытуға;
4) еңбекті, денсаулықты қорғауға, тиімді қызмет ету үшін қауіпсіз және қажетті жағдайларды жасауға, сондай-ақ қызметшілердің ар-намысы мен қадір- қасиетін кемсітушіліктің және қол сұғушылықтың кез келген нысандарын болдырмайтын қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға бағытталған шараларды қабылдауға;
5) қызметтік емес сипаттағы мәселелерді шешу кезінде олардың қызметіне ықпал етуге өзінің қызметтік дәрежесін пайдаланбауға;
6) жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларға үйлеспейтін әрекеттер жасауға мәжбүрлемеуге;
7) оларға қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, қадір-қасиетін қорлау, әдепсіздік және орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге тиіс;
8) ақпаратты алған күннен бастап бір ай мерзімде мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, өзін осы бұзушылықтарды жасауға көндіру жағдайлары туралы мәлімдеулері бойынша, оның ішінде тексерулер ұйымдастыру және уәкілетті органдарға өтініштерді жолдау арқылы шаралар қабылдауға міндетті;
9) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі анықталған кезде жауапкершілік өңіраралық басқармалардың басшыларына жүктеледі;
10) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, өзін осы бұзушылықтарды жасауға көндіру жағдайлары туралы хабарлаған мемлекеттік қызметшінің құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасайтын қудалаудан қорғау жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті;
11) бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік жауаптылықта болады;
12) бағынысты лауазымды тұлғалардың қызметтік өкілеттіктерінің міндеттері мен көлемін нақты және анық айқындау;
13) қарамағындағы лауазымды тұлғалар арасында еңбек жүктемесін біркелкі бөлмеуге жол бсрмеуге;
14) нақты орындалмайтын немесе олардың лауазымдық міндеттеріиеи тыс, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаға қайшы келетін өкімдер бермеуге;
15) қарамағындағы қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық құқық бузушылықтар жасауға мәжбүрлемеуге;
16) қарамағындағы және басқа да лауазымды тұлғалардың тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеуге және жолын кесуге;
17) әріптестердің өз лауазымдық міндеттерін орындау барысында туындаған мүдделер қақтығысын реттеу бойынша түбегейлі шараларды уақтылы қабылдауға;
18) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша түбегейлі шаралар қабылдауға;
19) жоғары тұрған не төмен тұрған не қызмет немесе жұмыс бабында олармен өзгеше тәуелділікте болатын лауазымды адаммен ақшалай немесе өзге де мүліктік сипаттағы құмар ойындарға қатыспауға міндетті.
Полная версия
ИС BestProfi