Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 2022 жылғы 5 қарашадағы № 153-VII ҚРЗ
Осы Заңда бүкіл мәтін бойынша «жолданым», «жолданымдардың», «жолданымдарын», «жолданымдары», «жолданымы», «жолданымды», «Жолданымның», «жолданымның», «Жолданымдарды», «жолданымының», «жолданымда», «Жолданымды», «жолданымдар», «Жолданымда», «жолданымында», «Жолданымға», «жолданымын», «ЖОЛДАНЫМДАРДЫ», «Жолданым», «жолданымдарды» деген сөздер тиісінше «өтініш», «өтініштердің», «өтініштерін», «өтініштері», «өтініші», «өтінішті», «Өтініштің», «өтініштің», «Өтініштерді», «өтінішінің», «өтініште», «Өтінішті», «өтініштер», «Өтініште», «өтінішінде», «Өтінішке», «өтінішін», «ӨТІНІШТЕРДІ», «Өтініш», «өтініштерді» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 11.06.2026 жылғы № 305-VIII Заңына сәйкес (20.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.07.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1-бөлім. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТЫ
1-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының мәртебесі
1-бап өзгертілді ҚР 11.06.2026 жылғы № 305-VIII Заңымен (20.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты (бұдан әрі – Конституциялық Сот) – конституциялық бақылауды жүзеге асыратын және елдің бүкіл аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз ететін тәуелсіз мемлекеттік орган.
Конституциялық Сот өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде дербес және азаматтардан, ұйымдардан, мемлекеттік органдардан, лауазымды және өзге де адамдардан тәуелсіз, Қазақстан Республикасының Конституциясын және осы Конституциялық заңды басшылыққа алады, соттардың немесе басқа да мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін барлық жағдайларда өзге мәселелерді анықтаудан, зерттеуден және тексеруден қалыс қалады.
2-бап. Қазақстан Республикасының Конституциялық Сот туралы заңнамасы
1. Конституциялық Соттың мәртебесі, құзыреті, ұйымдастырылуы және қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда айқындалады және реттеледі.
2. Өз қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібі мәселелері бойынша Конституциялық Сот осы Конституциялық заң негізінде Конституциялық Соттың регламентін және өзге де актілерді қабылдайды.
3-бап. Конституциялық Соттың құрамы және оны құру тәртібі
1. Конституциялық Сот Төраға мен он судьядан тұрады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 11.06.2026 жылғы № 305-VIII Заңына сәйкес (20.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Конституциялық Сот Төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды және ол өкілеттік мерзімі ішінде Конституциялық Сот судьясы да болады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 11.06.2026 жылғы № 305-VIII Заңына сәйкес (20.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Конституциялық Сот Төрағасының орынбасарын Конституциялық Сот Төрағасының ұсынуымен Конституциялық Сот судьялары арасынан Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.
4. Конституциялық Сот судьяларын депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен берілген Қазақстан Республикасы Құрылтайының келісімімен Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 11.06.2026 жылғы № 305-VIII Заңына сәйкес (20.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТ СУДЬЯЛАРЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІ
4-бап. Конституциялық Сот судьяларына қойылатын талаптар
4-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 11.06.2026 жылғы № 305-VIII Заңына сәйкес (20.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Конституциялық Сот судьялары – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, олардың мәртебесі мен өкілеттігі Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда айқындалады.
2. Конституциялық Сот судьяларының саяси партияда, кәсіптік одақта болуға, қандай да бір саяси партияға немесе қоғамдық-саяси қозғалысқа қолдау көрсетуге немесе сыни пікір білдіруге құқығы жоқ.
3. Конституциялық Сот судьясының депутат мандатын қатар алып жүруіне, оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін лауазымды атқаруына, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына, сондай-ақ коммерциялық ұйымның басқарушы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруіне болмайды.
Полная версия
ИС BestProfi