Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2025
«Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 4 қарашадағы № 873 қаулысы
Осы Қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 08.05.2025 жылғы № 321 Қаулысына сәйкес
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 2-1 тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамы 2019 жылдың қорытындысы бойынша шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікте көрсетілген таза кірістің 5 (бес) пайызын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге жібереді.».
2. Осы қаулы 2020 жылғы 23 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Полная версия

