Близость слов: Окончание:





2022 жылғы 20 қарашада өткен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының қорытындыларын анықтау туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау 2022 жылғы 22 қарашадағы № 109/603 қаулы
   «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 9-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 12-бабының 10) тармақшасына, 44-бабының 1 және 5-тармақтарына, 45, 46, 65-баптарына және 66-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 3-бабы 2-тармағына сәйкес және қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының қорытындылары туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хаттамасы мен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыстарды санау нәтижелері туралы облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының сайлау комиссиялары хаттамаларының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасының сайланған Президенті болып саналсын.
2. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті болып тіркелсін.
3. Тіркелген Қазақстан Республикасының Президентіне тиісті куәлік тапсырылсын.
4. 2022 жылғы 20 қарашадағы кезектен тыс сайлауда сайланған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ант беру күні 2022 жылдың 26 қараша болып айқындалсын.
5. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының қорытындылары туралы қоса беріліп отырған хабар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Н. Әбдіров Төрағасы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының М. Ерман хатшысы 
 Қазақстан Республикасы
 Орталық сайлау комиссиясының
 2022 жылғы 22 қарашадағы
 № 109/603 қаулысымен бекітілген
 2022 жылғы 20 қарашада өткен Қазақстан Республикасы Президентінің  кезектен тыс сайлауының қорытындылары туралы хабар
2022 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы болды.
2022 жылғы 20 қарашада болған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыстарды санау нәтижелері туралы облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың сайлау комиссиялары хаттамаларының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша сайлаушылардың тізімдеріне 11 953 465 азамат енгізілгенін, олардан дауыс беруге 8 278 570 адам қатысқанын хабарлайды, олардың ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 13 282 және дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде 112  969 сайлаушы дауыс берді.
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар болып 6 адам дауысқа түсті.  
Дауыс беру кезінде Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар төмендегідей дауыстар санын жинады:
  Абден  Қарақат Жақсылыққызы – 7746 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 2,59 проценті;
Әуесбаев Нұрлан Сатыбалдыұлы – 5871 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының  1,96 проценті;
Дайрабаев Жигули Молдахалықұлы – 9173 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 3,06 проценті;
Қажыкен Мейрам Зекешұлы – 6039 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 2,02 проценті;
Полная версия
ИС BestProfi