1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Внимание! Документ утратил силу с 04.04.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 1250 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 04.04.2025 жылғы № 149 Бұйрығына сәйкес
Редакция 04.04.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
БҰЙЫРАМЫН:
бюджет түсімдерінің сыныптамасында:
2 «Салықтық емес түсiмдер» санатында:
04 «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» сыныбында:
1 «Мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» кіші сыныбында:
23 «Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық бөлімшелері салатын әкiмшiлiк айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» ерекшелігі алып тастылсын;
45 «Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнің тапсырмасы бойынша және/немесе шешімдерін орындау үшін төленуге тиіс санкциялар, өндіріп алулар» ерекшелігінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«45 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының тапсырмасы бойынша және/немесе шешімдерін орындау үшін төленуге тиіс санкциялар, өндіріп алулар»;
06 «Басқа да салықтық емес түсiмдер» сыныбында:
1 «Басқа да салықтық емес түсiмдер» кіші сыныбында:
мынадай мазмұндағы 20 ерекшелікпен толықтырылсын:
«20 Шетелдіктер үшін туристік жарналар»;
4 «Трансферттердің түсімдері» санатында:
03 «Облыстық бюджеттеріне, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне берілетін трансферттер» сыныбында:
1 «Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің басқа облыстық бюджеттермен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерімен өзара қатынастары» кіші сыныбында:
02 «Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне әкімшілік-аумақтық бірліктің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, жалпы республикалық не халықаралық маңызы бар іс-шаралар өткізілген жағдайларда берілетін трансферттер» ерекшелігінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«02 Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне әкімшілік-аумақтық бірліктің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, жалпы республикалық не халықаралық маңызы бар іс-шаралар жүргізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен берілетін трансферттер»;
03 «Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттеріне әкімшілік-аумақтық бірліктің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, жалпы республикалық не халықаралық маңызы бар іс-шаралар өткізілген жағдайларда берілетін трансферттер» ерекшелігінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«03 Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттеріне әкімшілік-аумақтық бірліктің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, жалпы республикалық не халықаралық маңызы бар іс-шаралар жүргізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен берілетін трансферттер»;
Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 04.04.2025 жылғы № 150 Бұйрығымен (09.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қаржы министрі Е. Жамаубаев
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі 2022 жылғы 09 желтоқсандағы № 1250 бұйрығының қосымшасы
Полная версия

