Близость слов: Окончание:





Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 254 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 наурызда № 20184 болып тіркелді
Редакция 30.08.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 25.06.2025 жылғы № 463 Бұйрығына сәйкес (27.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 14.01.2021 жылғы № 14 Бұйрығына сәйкес (27.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.02.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, жасау, сату, пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсат беру» мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарының бірлі-жарым даналарын Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасы арқылы транзит жасауға қорытындылар беру» мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) «Заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасы арқылы транзит жасауға қорытындылар беру» мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
6) «Жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға рұқсаттар беру» мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;
7) «Заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға рұқсаттар беру» мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;
8) «Жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаттар беру» мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес;
9) «Заңды тұлғалар жұмыскерлеріне қызметтік қару және оған патрондарды сақтауға және алып жүруге рұқсат беру» мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес;
10) «Заңды тұлғаларға қызметтік қару мен оның патрондарын сақтауға рұқсат беру» мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес;
11) «Жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын тасымалдауға рұқсаттар беру» мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес;
12) «Заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын тасымалдауға рұқсаттар беру» мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес;
13) «Заңды тұлғаларға азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес;
13-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 22.10.2022 жылғы № 832 Бұйрығына сәйкес (05.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14) «Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтауға рұқсаттар беру» мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес.
14-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 22.10.2022 жылғы № 832 Бұйрығына сәйкес (05.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
Полная версия
ИС BestProfi