Близость слов: Окончание:





Нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды тұлғалар лауазымдарының тізбесін, нысанды киім (погонсыз) киіп жүру қағидаларын, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін бекіту туралы
   Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 775 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 желтоқсанда № 31287 болып тіркелді
Редакция 04.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 177-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды тұлғалар лауазымдарының тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысанды киім (погонсыз) киіп жүру қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысанды киім (погонсыз) үлгілері бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С. Брекешев
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
2022 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 775 бұйрығына
1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 27.06.2024 жылғы № 140 Бұйрығына сәйкес (26.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды тұлғалар лауазымдарының тізбесі
Нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды тұлғаларға мыналар жатады:
1. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) төрағасының орынбасары болып табылатын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы.
2. Комитеттің мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының басшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторының орынбасары.
Полная версия
ИС BestProfi