«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына және «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 8-тармағына сәйкес сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі №74 Жарлығы
Редакция 12.08.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) туралы ереже;
3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылымы;
4) Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) құрылымы;
5) Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) лауазымдарының және оларға сәйкес келетін шекті арнаулы атақтарының тізбесі («Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісімен);
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 17.11.2022 жылғы № 1074 Жарлығына сәйкес (28.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)
6) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 74 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі туралы ЕРЕЖЕ
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 20.05.2022 № 898 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 19.07.2022 № 962 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) жарлықтарымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, мемлекеттік қызмет саласында басшылықты, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалауды және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
2. Агенттіктің облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада аумақтық органдары болады.
3. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Полная версия