Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі №74 Жарлығы
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 14.07.2025 жылғы № 945 Жарлығына сәйкес (19.05.2025 ж. редакцияны қараңыз)
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 23.04.2025 жылғы № 853 Жарлығына сәйкес (17.03.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 14.07.2025 жылғы № 945 Жарлығына сәйкес (19.05.2025 ж. редакцияны қараңыз)
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 17.11.2022 жылғы № 1074 Жарлығына сәйкес (28.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)
5-тармақша алынып тасталды ҚР Президентінің 14.07.2025 жылғы № 944 Жарлығына сәйкес (19.05.2025 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, мемлекеттік қызмет саласында басшылықты және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының сақталуын бақылауды, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыру мен іске асыруды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіруді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайтуды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 14.07.2025 жылғы № 945 Жарлығына сәйкес (19.05.2025 ж. редакцияны қараңыз)
3. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және қазақ және орыс тілдерінде атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.